Оралда әйел биіктен секірмек болған

Сұлу Бөлек

  • 28.04.2025

Оралда полицейлер төртінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

25 сәуірде түнде Орал қаласының полиция басқармасының "102" арнасына Кердері көшесінде әйел адамның көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан секірмек болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипаждары жетті. Полиция қызметкерлері жағдайды жедел бағалап, кәсіби әрі үйлесімді әрекет етті. "Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, әйелмен дауыс арқылы байланыс орнатып, оның назарын басқа жаққа аударды. Ал полиция капитаны Берік Сиязбаев, полиция лейтенанты Фархат Ғалиев және полицияның аға лейтенанты Мирас Каримуллин үшінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы төртінші қабатқа өтіп, әйелді дер кезінде ұстап үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды", - делінген хабарламада. 

Полицейлердің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман қалды.

Полиция азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі екенін еске салады және өзгенің қайғысына бей-жай қарамауға шақырады. 

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды