Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жүздеген жүк көлігі кезекте тұр

Арман Қайыпхан

  • 25.11.2024

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы "Тәжен" өткізу пунктінде 400-ден астам жүк көлігі жиналып, Қазақстан Республикасынан шығуға кезекте тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның мәліметінше, көлік ағынының артуына Өзбекстан Республикасында Дәуіт ата - Қоңырат (400 шақырым) автожолының ашылуы себеп болды, осыған байланысты жүк автокөлік құралдарының ағыны байқалады.

Өткізу пунктінің жобалық өткізу қабілеті тәулігіне бір бағытта 150 жүк көлігін құраса да, қазіргі жөндеу жұмыстары кезінде "Тәжен" өткізу пункті тәулігіне 200-250 жүк көлігін шығаруын қамтамасыз етеді.

"Осыған байланысты тасымалдаушыларға маршруттарды мүмкін болатын кідірістерді ескере отырып жоспарлауды немесе тауарларды тасымалдаудың баламалы жолдарын таңдауды ұсынамыз, осылайша, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарада ұзақ күту уақытынан аулақ болуға кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

19.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025
MalimBlocks
Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты