Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды

Сұлу Бөлек

  • 24.04.2025

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі елордалық прокуратураға сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері әйелді Түркия арқылы Сирияға ұшып кетуге әрекеттенген кезінде Алматы әуежайында ұстаған.

Сот әйелдің Telegram-мессенджерін діни себептермен қарулы қақтығыстарға қатысқан адамдардың әрекеттерін мақұлдайтын хабарламаларды жариялау үшін пайдаланғанын анықтады. Сондай-ақ, ол кәмелетке толмаған екі қызын террористік ұйымдардың мүшелеріне күйеуге беру мақсатымен Сирияға бару ниетін талқылаған.

Прокурор сотқа айыпталушының телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, терроризмді насихаттауға және террористік топтың қызметіне қатысуға дайындалғанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.

Сот үкімімен әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Елордалық прокуратура террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу үшін 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылғанын еске салады.

Терроризмді насихаттағаны немесе террорлық актілер жасауға жария түрде шақырғаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері Қазақстанда терроризмді насихаттағаны үшін 34 адам, соның ішінде екі шетелдік адамның сотталғанын хабарлаған еді.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

07.05.2025

Алматыда экс-полицей сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

04.05.2025

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

03.05.2025

Қызғалдақ жұлған әйел кінәсін мойындады: полиция істің мән-жайын айтты

02.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

Оралда әйел биіктен секірмек болған

28.04.2025
MalimBlocks
АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

Алматыда экс-полицей сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Қызғалдақ жұлған әйел кінәсін мойындады: полиция істің мән-жайын айтты

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

Оралда әйел биіктен секірмек болған