Түнде ҚБТУ-дан өрт шықты

Ведомство ғимараттың жоғарысында тұрған Мемлекеттік туға зақым келмегенін алға тартты, құтқарушылар оны алып үлгерген.

Сабина Асқарқызы

  • 12.01.2025

Бүгін түнде Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылдың 11 қаңтарында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері өрттің жоғары 3-ші дәрежесі бойынша Қазақ-британ техникалық университетінде жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру жұмыстарына объектінің құрылымдық ерекшелігі қиындық тудыруда, нысан 5 қабатты. Қазіргі уақытта 3 автобаспалдақ қолданылды, от әлі оқшауланған жоқ, деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Бағдат Шайзада.

Бірден оқиға орнында жедел штаб құрылды. ТЖМ командалық орталығы өртті сөндіру үшін қызметкерлер мен техниканы көбейтуді тапсырды. Өртті сөндіруге Алматы ТЖД 78 құтқарушысы мен 28 техникасы жұмылдырылды. Сөйтіп, өрт оқшауланды.

Сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілді. Процесс ғимарат құрылысының ерекшеліктерімен, жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындады, делінген мәліметте.

Ведомство ғимараттың жоғарысында тұрған Мемлекеттік туға зақым келмегенін алға тартты, құтқарушылар оны алып үлгерген.

Айта кетейік, ҚБТУ ғимараты — Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан ғимарат. 1957 жылы салынған қаладағы тарихи және көрнекті ғимараттардың бірі.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

10.04.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

10.04.2025

Алматы әуежайындағы оқиға: Сот істі қайтарды

09.04.2025
MalimBlocks
Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,

Алматы әуежайындағы оқиға: Сот істі қайтарды