Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Оқиға
Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін заңсыз бюджет қаражатын алып отырған.

"2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен тіркелді", - делінген Жамбыл облысының прокуратурасының хабарламасында. 

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Фото: pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу