Жамбыл облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды

Қырғызстанға 102 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

Сабина Асқарқызы

  • 28.02.2025

ҚМА Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Олар АИ-92 маркалы бензинін Қырғыз Республикасына заңсыз шығарып, сатып отырған.
Тергеу барысында күдіктілердің Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Түрксіб» станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған.
Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түсті.

Аталған іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды:
Попов Алексей Александрович, 27.04.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы, бұрын сотталмаған;
Ибраимов Рахымжан Маматұлы, 29.01.1996 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Өзбекстан Республикасының Чартак қаласының тумасы, бұрын сотталмаған;
Сағындықов Серік Ерланұлы, 29.07.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысының тумасы, бұрын сотталмаған;
Оларға «камаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

20.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025
MalimBlocks
Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр