Жамбыл облысында жасөспірім қыз жоғарғы қабаттан секіріп кеткен

Сол күні кешке достарын шақырып, кеш ұйымдастырған

Мәди Саматұлы

  • 10.11.2024

Жамбыл облысында 17 жастағы қыз жалға алынған пәтердің терезесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Malim.kz.

Halyqstan телеграм-арнасының жазуынша, қайғылы оқиға Гвардейский ауылында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қыз сол күні пәтер жалдап, онда кеш ұйымдастырып, 9-сыныпта оқитын бес жасөспірімді қонаққа шақырған. Жасөспірімдер 15-16 жаста, Отар ауылындағы №41 мектептің оқушылары. Олардың айтуынша, кеш барысында қыз бірнеше рет өмірімен қош айтысқысы келетінін айтқан.

Түн ортасында ол құрбысына «Мен сені жақсы көремін. Егер маған бірдеңе болып қалса, бәріңді жақсы көретінімді біліп жүр» деп хабарлама жіберген. Бұл сөздердің нақты мағынасы әлі белгісіз.

Таң ата көпқабатты үйдің жанынан көрші үйдің тұрғыны қыздың жансыз денесін тапқан. Алдын ала деректер бойынша, ол биіктен секірген.

Қыз Ырғайты колледжінің түлегі болған және оқу кезінде тәртіптік есепте тұрған. Оның анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылған. Марқұмнан бөлек, әйелдің тағы төрт баласы бар.

Қайғылы оқиға кезінде кештегі жасөспірімдердің қыздың жанында болғаны не болмағаны белгісіз. Олардың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр. Қыз және жігіттердің барлығы Отар ауылында тұрған.

Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Фото: cirpp.ru

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Оралда әйел биіктен секірмек болған

28.04.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

24.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025
MalimBlocks
Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Оралда әйел биіктен секірмек болған

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды