20 жылдан кейін еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға азаюы мүмкін

Солтүстік өңірлердегі халық санының жыл сайын төмендеуі байқалады

Malim Админ

  • 18.10.2024

2050 жылдарға қарай еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін. Мұндай пікірді аталған өңірдің демографиялық ахуалына 3 жыл бойы зерттеу жүргізген С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қауымдастырылған профессоры Қайрат Бодаухан айтты.


«Елімізде қалыптасқан демографиялық ахуал, оның ішінде солтүстік өңірлердегі халықтың депопуляциясы, урбанизациясы, туудың төмендеуі мәселесі қаншама жылдан бері көтеріліп келеді. Соған байланысты оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару мемлекет бағдарламасы қабылданды. Алайда, бұл бағдарлама тиісті нәтиже бермей отыр. Өйткені, осы салада ғылыми тұжырымдалған зерттеулер жоқ десек те болады. Біз көбіне сандық мәліметтермен, «осынша адамды көшірдік», «осыншама қаржы бөлдік», «осыншама адам келді» деген сияқты деректермен шектелеміз. Бірақ, нәтижесі белгісіз. Яғни, көп жағдайда тіпті «көшіп келген адамдар қалай орналасты», «қаншасы кері көшіп кетті», «олардың жағдайы қандай», «олар белгілі бір дәрежеде келесі көші-қон ағынына оң әсер бере алды ма», «облыстың еңбек тапшылығы мәселесін шешуге үлесін қоса алды ма» деген сияқты көптеген мәселе қарастырылмайды», - деді ғалым.

Оның атап өтуінше, осыған орай «Қазақстан Респубилкасының солтүстік өңірлеріндегі демографиялық ахуал: демографиялық талдаудың модельдері мен әдістері» тақырыбында үш жылдық зерттеу жүргізілген.

«Нәтижесінде белігілі бір тұжырымдар жасадық. Әрине, бұл барлық мәселені шешіп тастайды деп айта алмаймыз. Дегенмен, ғылыми-зерттеу жүргізу, арнайы сол өңірлерді аралау, көшіп келген ағайындармен сөйлесу және облыста қалыптасып отырған демографиялық ахуалға зерттеу жүргізу, сарапшыларды тарту арқылы белгілі бір дәрежеде тұжырымға келдік. Солтүстік өңірлердегі халық санының жыл сайын төмендеуі байқалады. Мәселен, 10 мың адам көшіп келсе, 18 мың адам көшіп кетеді. Демографиялық болжамдарға қарағанда, 2050 жылдарға қарай бұл өңірдің халық саны 30 пайызға дейін кемуі мүмкін», - деді Қайрат Бодаухан.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

28.10.2024

Қазақстан халқының саны 20 миллион 160 мыңға жақындады

09.08.2024

2050 жылы Қазақстан халқының саны 26 миллионнан асуы мүмкін

04.06.2024

Халық санын 20 млн-ға жеткізген 5 нәрестенің есімі кім?

16.11.2023

Қазақстан халқы 20 миллионға жетті

16.11.2023

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

05.04.2023
MalimBlocks
Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Отбасы мүшелері үшемдерге Хасан, Фатима, Хусан деп есім берді

Қазақстан халқының саны 20 миллион 160 мыңға жақындады

6 айда халықтың жалпы өсімі 125,8 мың адамға жетті

2050 жылы Қазақстан халқының саны 26 миллионнан асуы мүмкін

Туу көрсеткіші азайып, өмір сүру ұзақтығы артқан сайын әрбір жұмысшыға түсетін жүк те ауырлай түседі.

Халық санын 20 млн-ға жеткізген 5 нәрестенің есімі кім?

5 балаға 2 млн теңгеден берілді

Қазақстан халқы 20 миллионға жетті

Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

Осымен екінші жыл туу көрсеткішінің азайғаны байқалады