Астанада ұшақ бөлшегінің жоқтығынан жүздеген турист сапарынан кешікті

Керекті бөлшекті Вьетнамнан алдырып жатыр

Мәди Саматұлы

  • 27.07.2024

Астана әуежайында туристік бағыттағы ұшақта ақау шығып, оған қажет бөлшек табылмай, жүздеген турист сапарынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуежай таратқан мәліметке қарағанда, «Vietjet» әуе компаниясының Астана-Камрань бағыты бойынша VJ 068 рейсі кесте бойынша 25 шілдеде сағат 20:25-те ұшуға тиіс болатын. Ұшуға дайындық кезінде дереу жөндеуді қажет ететін техникалық ақау табылған.

Ұшақ Астанаға жарамды күйде келгенімен, ұшуға дайындық кезінде олқылық пайда болды. Әуежай барлық қажетті техниканы ұсынып, инженерлік құрам әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетті. Алайда, Вьетнамнан жеткізілетін қажетті қосалқы бөлшектің болмауына байланысты әуе компаниясы рейстің кешігуі туралы хабарлауға мәжбүр болды, деп жазды әуежай.

Уақыттың созылып кетуіне бір себеп, әуежай кесте бойынша 22:00-де жабылған, сондықтан 25 шілдеде жұмыс аяқталмай қалған. Бір бөлшектің керек екені тек 26 шілдеде белгілі болған. Әуелде рейс 26 шілдеде түскі уақытқа жоспарланған. Алайда жеткізілетін бөлшектің кешігуіне байланысты рейс 27 шілде кешке ауыстырылған.

Рейстің кешіктірілгені туралы хабарландырудан кейін бірден жолаушыларға қонақүйлерде орналастырылған.

Сондай-ақ, заңға сәйкес күніне үш рет тамақтану ұйымдастырылды. Көпшілігі қала тұрғыны болғанына қарамастан 300-ге жуық жолаушы қонақүйлерге орналастырылды. Туристерді ешкім қонақүйлерден шығарып тастамады және олар 27 шілдеге дейін ұшуын күтіп, сол жерде ас-сумен қамтаылып қала береді, деп жазылған әуежай мәлімдемесінде.

Өтемақы мәселелері заңға сәйкес қаралмақ. Әуе компаниясы осы рейсте болған туристердің туристік агенттіктері арқылы берген өтініштерін жинайды.

Фото: Astana Airport

Байланысты жаналықтар

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады