Атырау облысында мұнай компаниясына 13 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

Берік Дәулетов

  • 05.08.2024

Бас прокуратура Атырау облысындағы «Каспий нефть» АҚ-ға 13 млрд теңгеден астам айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты саналатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.

«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730  теңге айыппұл салынды, – делінген хабарламада. 

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекеттің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды.

Фото: "Каспий нефть" АҚ

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды