Азаматтардың жеке деректерін таратқан микроқаржы ұйымына айыппұл салынды

Цифрлық даму министрлігі «Робокэш.кз МҚҰ» ЖШС ұйымына қатысты жүргізген тексеріс қорытындысын жариялап, ұйымға айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 02.04.2024

2024 жылғы 5 наурызда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (МТҚ) zaimer.kz («МҚҰ «Робокэш.кз» ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 миллионнан астам жеке дерегінің таралуы анықталған болатын.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтарға дер кезінде Egov Mobile мобильдік қосымшасына және Egov порталының жеке кабинетіне таралып кеткен дербес деректер алаяқтардың қолына түспеу үшін тиісті хабарламалар мен ұсынымдар жолдады.

Бүгінгі таңда аталған фактіге қатысты министрлікке азаматтардан 5200-ден астам өтініш келіп түскен.

Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, «Robokesh.kz» МҚҰ» ЖШС-не Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалып, «Robokash.kz» МҚҰ» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК мөлшерінде жеңілдетілген тәртіпте әкімшілік айыппұл салынды, ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабының төртінші бөлігіне сәйкес 500 АЕК (1 846 000 теңге) көлемінде айыппұл төленді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрліктің мәліметінше, азаматтар ҚР Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес дербес деректердің таралуынан келтірілген материалдық немесе моральдық зиянды өтеу туралы мәселені қарау үшін азаматтық сотқа жүгінуге құқылы.

Оқи отырыңыз: Жеке деректердің таралуы: «Қазақтелеком» мен «Эйр Астана» жазаланды

Egov Mobile қосымшасында несие алуға уақытша шектеулер қызметін пайдалануды, сондай-ақ мына сілтеме бойынша министрліктің веб-сайтында орналастырылған киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау бойынша ұсыныстармен танысуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәссібі министрлігі ведомствоға азаматтардан 1400-ден астам шағым түскенін мәлім еткен болатын. 

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

28.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Билеті бар, орын жоқ: жаңа ережені бұзғандарға айыппұл салынады

17.04.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Билеті бар, орын жоқ: жаңа ережені бұзғандарға айыппұл салынады

Қазақстанда «Овербукинг» үшін жауапкершілік енгізілді. Бұл жайлы Бас прокуратурасы мәлімдеді