Бектенов жол жобаларының уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды

Үкімет басшысы бірқатар проблемалық мәселеге назар аударды.

Берік Дәулетов

  • 09.07.2024

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін кешенді шешу қажеттігін атап өтті. Көлік министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп қолданыстағы жол жобаларының уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет басшысы бірқатар проблемалық мәселеге назар аударды.

Жалпыға ортақ жолдарда ауыр жүк таситын карьерлік автокөліктердің жүруі негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Бұған дейін Көлік министрлігіне тиісті параметрлерге сай келмейтін ауыр техниканың жүруіне тыйым салу үшін қажетті шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Сондықтан заңнамаға түзетулер енгізілді. Жаңа норма 2026 жылдан бастап жалпыға ортақ жолдарда карьерлік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салуды көздейді. Дегенмен бұл норманы 2025 жылдан бастап енгізу мәселесін пысықтау қажет, – деп тапсырды Олжас Бектенов, бұл ретте жыл сайын туындайтын жұмыстардың ортасында жол-құрылыс материалдарының жетіспеушілігі мәселесіне назар аудара отырып.

Осыған байланысты Көлік министрлігіне инертті материалдардың, техникалық және еңбек ресурстарының бар-жоғын тексеру, сондай-ақ мердігер компанияларды жол битумымен уақтылы қамтамасыз ету тапсырылды.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

05.05.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

24.04.2025
MalimBlocks
Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

Түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Үкімет басшысы

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

FIBA - Халықаралық баскетбол федерациясы