Бишімбаевтың анасы адвокаттарын сынаған заңгердің үстінен арыз жазды

«Шын мәнінде, «адвокаттарға кедергі келтірді» деген шағым - көзбояушылық», - дейді адвокат Утебеков.

Malim Админ

  • 05.04.2024

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы қорғаушыларын сынаған адвокаттың үстінен арыз түсірген. Бұл туралы белгілі адвокат Джохар Утебеков өзінің facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Утебеков өзінің үстінен жазылған арыздың мәтінін де жариялаған.

Бишімбаевтың анасы менің үстімнен арыз жазды! Адвокаттарының сұрақтарына сын айтқаным үшін. Ол сұрақтарды бүкіл ел сынап жатыр! Ол сұрақтар заң мен моральдан ада, – делінген жазбада. 

Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова Утебековтің үстінен өзінің адвокаттарын сынаған жазбалар жарияланғаны және жазбалардың астында жазылған пікірлерді қадағаламағаны үшін шағымданған. Сонымен қатар Утебековті «соттың әрекетін сынады» деп айыптайды. 

Шын мәнінде, «адвокаттарға кедергі келтірді» деген шағым - көзбояушылық. Содан кейін Бишімбаевтар менің үстімнен арыздануының негізгі себебі – «судьяның әрекетін сынады» деген шағымға көшеді. Бишімбаевтар судья Құлбаеваны неге қорғап отыр? Неліктен бұл оларды сонша қызықтырады? – дейді адвокат. 

Айта кетейік, бұған дейін адвокат Анна Чернова да айтқан болатын.

Менің үстімнен шағым келіп түсті. Ол арызда менің тағы екі заңгер әріптесім бар. Бұл жолы менің жазғаным Бишімбаевтың қорғау тарапына ауыр тисе керек. Анасы жазғанымен, артында маған ренжіген басқа біреу тұрған сияқты. Мүмкін, өзінің процессуалдық әлсіздігін сезінетін адам. Олардың атына құрметсіз, қорлау, жеккөру мен қарғыстың бәрі менен емес. Бүкіл ел алдымен Ерғалиевамен масқара сұхбатын көрді, енді оны істің нақты жағдайларымен салыстырады. Біз оларды сол жерде тілінен тартқан жоқпыз, солай ма? Процестің бәрін тікелей эфирден көріп отырмыз,  – деп жазды  Анна Чернова әлеуметтік желіде.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды