Біздің бір ғана отанымыз бар

Жастарды ғана емес, күллі ұлтты тектілігіне қайтарып, ата-баба жолындағы намысты үрдісті жалғастыруға шақыруымыз керек

Malim Админ

  • 25.06.2024

Ойлануға уақыт беріп отырғанда ойланған дұрыс... Басқадан үйренетін үлгі болса үйренген дұрыс.  Америкада өмір сүретін қытай азаматтары көп-ақ екен. Солардың әрқайсысы күнде төсегіне жатқанда: "мен бүгін ұлы қытай ұлты үшін не істедім?" деп, өзіне сұрақ қояды екен. Осыдан бес-алты жыл бұрын Астана қаласындағы кітап көрмесінен Си-Цзиньпиннің "Ел басқару жөнінде" (FOLIANT  баспасы, 2017 жыл  Қытай тілінен аударған: Қытай «Ұлттар» аударма баспасы )деген кітабын алдым. Сонда Қытай басшысы Си Цзиньпиннің VII дүниежүзілік қытайлық эмигранттар мен тегі қытайлықтардың қоғамдық ұйымдарының достық құрылтайына қатысқан делегаттарды  қабылдаған кездегі сөйлеген  сөзін оқып, мәселенің қайдан шыққанын түсіндім. (2014 жыл, 5 маусым)  Онда былай дейді: "Шетелдегі эмигрант бауырластарда шынайы отаншылдық пейіл, мығым экономикалық  күш-қуат, мол ақыл-парасат байлығы, кең сауда байланысы бар, олар – Қытай арманын орындаудың маңызды күші. Ел іші-сыртындағы жұңхуа ұландары тығыз ынтымақтасып, күш қосатындары күш қосып, кеңес беретіндері кеңес беріп, ынтымақтаса отырып бір ниетпен күрес жасаса, арманды орындайтын  құдіретті күш-қуатты шоғырландыра алады. ... Біздің бауырластарымыз қай жерде тіршілік етсе де, жұңхуа ұландарының ортақ рухани мұрасы болған  жұңхуа мәдениетін сәулелендіруін, одан өздері ғана рухани күш алумен бірге, Қытай мен шетелдің өркениет ауыс-түйісінде өзара үлгі алуын белсенділікпен ілгерлетіп, Қытай хикаясын жақсы айтып, қытай үнін жақсы таратып, қытай мен шетел халықтарының бір-бірін түсінуі мен білуін қолдап, қытай арманының жүзеге асуына тамаша орта жаратуын үміт етемін"(Си-Цзиньпин "Ел басқару жөнінде"78-79 бб.)

Міне, қараңыздаршы, халқын, жастарын осындай рухта тәрбиелеп, бағыттап отырғандықтан да қытайлықтар өздерін "Аспан асты елміз!» – деп, ұрпақ санасына құяды. 

Ал біз Түрк қағанаты ұлы империя болғанын Білге, Тоныкөк, Күлтегіндей  тағыда басқа олардан бұрынғы, кейінгі дана  бабалардың жер мен елді қалай қорғағанын, тарихын тасқа қашап қалай  жазғандығын күнде жағымыз талғанша айтып, мектеп оқулықтарына кіргізіп, дәл көршілер ұстанған тәсілді неге қолданбасқа?  

Қытай басшысының мына бір сөзіне тағы да көзім түсті. "Отанның үмітін ақтау, халық үшін қызмет ету үшін белді бекем байлау керек, бұл – ұлы мұрат, ұлы мұрат орнатқанда ғана үлкен іс тындыруға болады»  деген.   (Си-Цзиньпин "Ел басқару жөнінде"211-бет) Дана халқым: "Жақсысынан үйрен, жаманынан жирен"деген жоқ па еді.Ұлтқа тәрбие беру мен  белді бекем байлау керек деген жақсы тәлімінен үйренейік, ағайын.  Бүгінгі таңда біз жастарды ғана емес, күллі ұлтты тектілігіне қайтарып, ата-баба жолындағы намысты үрдісті жалғастыруға шақыруымыз керек. Расында, біз бірге болуымыз керек.  мүмкіндікті жіберіп алмай, ішкі бірлігіміз бен рухымызды мықтап бекітуге жұмыстанайық. Ол үшін ең алдымен, өзімізді қолға алсақ. "Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біздің балаларымыздың өзі ақылды, еңбекқор" деп, кішкентай  сәбилерімізді жұмсап үйретейік. Еңбек рахатын бала кезден сезінсе, бала кезден "міне, бүгін сен отбасыңа осындай пайда әкелдің", жарыстардан орын алған балаларыңызға "міне, сен елің үшін, қазақ деген ұлтың үшін үлкен жеңіс, жетістік әкелдің. Біз сенімен мақтанамыз!" деп қанаттандырсаңыздар, туған елін сүйетін жаңа ұрпақ солай өседі. Ал біздер, үлкендер сөйлеген сөзімізден бастап, жасаған харекеттерімізбен үлгі өнеге жолында болуымыз керек. "Әдет болып кеткен, енді мен өзгере алмаймын" деп айтпаңыздар. Бізде бір ғана ана, бір ғана әке болатыны сияқты бір ғана Отанымыз бар. Осы үшеуіне адал перзент болайық.   
Гүлтас Құрманбай, профессор

Фото: Gov.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

31.03.2025

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

30.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен Өзбекстан кездесуі туралы айтты