Елімізде қандастарды қабылдау квотасы ұлғаяды

Бұйрықтың жобасы осы жылдың 16 шілдесіне дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Берік Дәулетов

  • 02.07.2024

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында министрдің былтырғы бұйрығына өзгерістер енгізді. Бұйрықтың жобасы осы жылдың 16 шілдесіне дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Құжат жалпыға бірдей белгіленген квота шеңберінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын алты жүзге дейін төмендету есебінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын 600 адамға ұлғайтуды көздейді.

Мәселен, бұған дейін 2024 жылға үміткерлерді қабылдаудың өңірлік квотасы 2 433 адам, ал мигранттарды қабылдаудың өңірлік квотасы 7 050 адамды құраған болатын.

Өңірлік квоталарды өзгерту қажеттілігі еңбек күші тапшы өңірлерге (солтүстік өңірлерге) қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты.

Фото: dzen.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады