ERG Директорлары кеңесінің құрамы өзгерді

Директорлар кеңесінің жаңарған құрамы таныстырылды

Арман Қайыпхан

  • 17.07.2024

Eurasian Resources Group S.à r.l. (ERG) жаһандық қатерлер мен құбылмалы нарықтарда компанияны одан ары нығайтып, дамыту қамында Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Директорлар кеңесінің жаңарған құрамында:

Шухрат Алиджанович Ибрагимов, Кеңес құрамына 2021 жылы еніп, Директорлар кеңесінің төрағасы сайланған.

Сабир Патохович Шодиев бұл қызметте Патох Каюмович Шодиевті алмастырды.

Эдуард Юрьевич Сурлевич бұл қызметте Александр Антонович Машкевичті алмастырды.

Кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин мен ҚР қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевтер Директорлар кеңесінінің мүшесі қызметін атқара береді.

Бұған дейін Директорлар кеңесіне мүше болған Топтың негізін қалаушы-акционерлері Александр Антонович Машкевич пен Патох Каюмович Шодиев, Алиджан Рахманович Ибрагимов компанияның дамуына өлшеусіз үлес қосты. 2014 жылы қолға алынған бизнесті ауқымды трансформациялау бағдарламасының нәтижесінде ERG салалық стандарттарды қалыптастыратын әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Компания кәсіпорындары орналасқан елдерде ондаған мың жұмыс орындарын ашып, жергілікті қауымдастықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді.

Жаңарған Директорлар кеңесінің құрамына енген менеджерлер Компанияның ішкі процестеріне бұрыннан етене араласып, салада мол тәжірибе жинақтаған. Бүгінде Топ акционерлерімен бірлесіп, ERG-дің стратегиялық мақсаттарын іске асыру мен  міндеттерін атқаруға септесіп келді. Олардың жоғары кәсіби біліктілігі мен корпоративтік құндылықтарға адалдығы Компаниядағы бірізділікті сақтап, табиғи буын алмасу процесін қамтамасыз етеді.

Фото: ERG

Байланысты жаналықтар

35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

23.04.2025

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

10.04.2025

«Алматы Су» басқармасының сотталған басшысына жаза қатаңдатылды

26.03.2025

Президент марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты

22.03.2025

Танымал кәсіпкер Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды

22.03.2025
MalimBlocks
35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

"Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры сотталды

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

«Алматы Су» басқармасының сотталған басшысына жаза қатаңдатылды

«Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды

Президент марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Александр Машкевичтің отбасына көңіл айтты

Танымал кәсіпкер Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды

Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының акционері, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің неден қайтыс болғаны айтылды