Jas Qazaq жазғы-этно лагерінің ашылу өтті

Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен және IQanat қорының қолдауымен шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған жазғы этно-лагер жұмысын бастады.

Берік Дәулетов

  • 26.06.2024

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен және IQanat қорының қолдауымен шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған жазғы этно-лагер жұмысын бастады.

Отандастар қорының «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осыған дейін 400-ден аса қандас балалар қатысса, биыл Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Иран елдерінен келген 255 этникалық қазақ балаларының басын қосты. Қатысушылардың арасында төтенше жағдай кезінде қазақстандық достарына жылу жинаған моңғолиялық қазақ балалары, Қоғамның түрлі байқауларына қатысып, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдеген қаракөз қандастарымыз бар.

Лагерь 2024 жылғы 24 маусым және 7 шілде аралығында Бурабайдағы «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында өтеді. Балалар екі аптада қазақ тілі, тарихы мен салт-дәстүрін үйреніп, ұлттық ойындар мен музыкалық аспаптарда ойнайды, атқа мініп, киіз үй құрады, еліміздегі жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін білім көрмесіне қатысады және ең бастысы әлемнің көптеген елінен достар табады.

25 маусым күні лагердің ресми ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек және Нұргүл Тау, Россотрудничествоның Астанадағы өкілдік басшысы Ольга Филонова, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров және IQanat мектебінің директоры Зайкен Жанат қатысып, балаларға ақжарма тілектерін білдірді.

Ақпарат ретінде:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Қоғам) шетелде тұратын отандастарымызға жүйелі түрде мәдени-гуманитарлық және ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетуде. Этникалық қазақ балаларына түрлі танымдық жобаларды ұйымдастыру олардың атамекенін танып-білуіне оңтайлы мүмкіндік туғызуда.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған театр студиялары ашылмақ

04.10.2024

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады

04.10.2024

Еліміздегі балалар суицидінің орташа жасы – 15-17 жас

22.09.2024

Қазақстаннан басқа елге 7 мың адам көшіп кеткен

20.09.2024

Қарағандыда концерт кезінде 35 бала жоғалған

25.08.2024

Шетелден қазақстандықтардың 250 миллион теңгесі қайтарылды

02.08.2024
MalimBlocks
Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған театр студиялары ашылмақ

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады

Еліміздегі балалар суицидінің орташа жасы – 15-17 жас

Балалар суициді мәселесі арнайы кеңесте қаралды

Қазақстаннан басқа елге 7 мың адам көшіп кеткен

Вице-министр еліміздегі көші-қон жағдайы туралы айтты

Қарағандыда концерт кезінде 35 бала жоғалған

Олар ата-анасына қайтарылды

Шетелден қазақстандықтардың 250 миллион теңгесі қайтарылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген.