«Мен шалқаймағанда кім шалқаяды». Мәжіліс депутатына жерлестері көлік мінгізді

Ринат Зайытов үстіндегі костюмін шешіп, жанкүйерлеріне сыйға тартты

Сабина Асқарқызы

  • 22.07.2024

Абай облысы Ақсуат ауданында өткен «Асыл бесік - Ақсуат» фестивалі кезінде айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік мінгізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті кәсіпкерлер осы өңірден шыққан атақты ақын әрі депутатқа көлік кілтін табыс етті.

Елден тауып жатса егер, ер несібін,

Мәрт жігіттің болады теңдесі кім?

Мен бүгін бәйге алам деп келген жоқ ем,

Құлақкесті құдайдың пендесімін.

Бірақ қалай алсам да,

Семей мен Ақсуат, Аягөздің кенжесімін.

Тілеп жүрген баланың біреуі едім,

Кең болуын қазақтың көрпесінің.

Басқа жерде кім болсам, Құдай білер,

Әйтеуір, осы ауылдың еркесімін.

Мен шалқаймағанда кім шалқаяды. Барлықтарыңызға рахмет!», - деді Ринат Зайытов.

Осыдан кейін қуанышы қойнына сыймаған ақын, депутат Ринат Зайытов үстіндегі костюмін шешіп, жанкүйерлеріне сыйға тартты.

Айта кетейік, фестиваль аясында қазақ күресінен ASSYL ARLAN атты турнирде Абай облысының тумасы Ерасыл Қажыбаев атанды. Финалда ол жерлесі Даурен Нұралиновтан жанбас әдісімен ұтып басым түсті. Жүлделі үшінші орынды Түркістан облысынан келген Қайсар Шамшадинов пен Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов иеленді.  

 

Байланысты жаналықтар

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025
MalimBlocks
Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Таразда депутат соққыға жығылды

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан