Премьер-министр: Су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны өтеледі

«Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді. Үкіметте Премьер-Министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Барлық сұрақтар тәулік бойы бақылауда болады. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қараусыз қалмайды. Барлық шығын өтеледі», — деді Олжас Бектенов.
ТЖМ ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6000-нан астам адам, 3000 техника және ТЖМ, Қорғаныс министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ұлттық ұланнан 12 әуе кемесі жұмылдырылды. Республикалық жедел штабтың бақылауында 7 облыс тұр. Олар: Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстары.
Фото: интернеттен

Самое читаемое
