«Қазақстан ұнамаса көшіп кетіңдер»: Тик-Ток блогері ел ішін арандатушыларға шүйлікті

Қазақстанда орыстарды жек көрушілер пайда бола бастады.

Malim Админ

  • 03.05.2024

Қазақстандық Андрей Моренко есімді ТикТок желісін қолданушы ресейлік чат рулетканы пайдаланатын блогерлерге үндеу жолдап, жергілікті ұлтпен араға от салмауды талап етті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бәріңізге ассалаумағалейкүм! Чат рулеткадағы псевдоблогерлерге айтарым, мен – орыспын. Өздері Қазақстанда тұрса да, чат рулеткада отырып алып Қазақстан, қазақ тілі туралы малтасын езіп отыратын орыстарға айтарым, сендер сияқтылардың кесірінен адекватты бізді Қазақстанда жек көрушілер пайда бола бастады. Сендер үйлеріңде отырып алып, ауызға келгенді айтасыңдар! Егер Қазақстанда, қазақтар ұнамаса, ешкім сендерді ұстап отырған жоқ! Қазір басқа елге қоныс аударуға қатысты түрлі бағдарламалар бар, өтініш бер де, қалаған еліңе көшіп кет! Сендердің кесірлеріңнен қырғыздар, өзбектер, қазақтар, тәжіктер, түріктер, тағы да басқа ұлттар орыстарға қырын қарайтын болды! Әйтпесе ғұмыр бойы бейбітшілікте тұрып келдік, балабақшаға, мектепке бірге бардық, бәрі жақсы болатын. Сендердің сандырақтарыңнан бізге деген көзқарас өзгеріп жатыр. Егер ештеңе ұнамаса, жоғалыңдар! – деді ол желіде.   

Айта кетейік, Андрей Моренко Тик-Токта белсенді азамат. 11,1 мың жазылушысы бар. 1996 жылы туған. Әлеуметтік желіде өз отбасының өмірі жайлы видеоларды бөлісіп отырады.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Динара Сәтжан мешітте неке қидырған сәтін көрсетті

03.04.2025

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

31.03.2025
MalimBlocks
Динара Сәтжан мешітте неке қидырған сәтін көрсетті

Танымал тележүргізуші күйеуімен түскен суреттерін де жариялады

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды