Су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер жеребе арқылы берілді

Баспаналар жеребе тарту арқылы тұрғындар арасында бөлінді

Арман Қайыпхан

  • 19.07.2024

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер жеребе арқылы берілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық әкімдік мәліметінше, Қобда ауданында 147 үй салынып жатыр. Оның 17-сі - Жарық ауылында. Күні кеше бұл баспаналар жеребе тарту арқылы тұрғындар арасында бөлінді.

Аудан әкімдігі жеребе тарту рәсімінің ашық әрі әділ өткенін атап өтіп, барлық қатысушылардың мұқият қарастырылғанын айтып отыр. Зардап шеккен тұрғындар жеребе нәтижелеріне қанағаттанғандарын, өздерінің жаңа баспаналарын күтіп жүргенін алға тартты.

Биылғы көктемде өңірдегі 6 аудан және Ақтөбеде су тасқыны орын алып, көптегентұрғын үй мен инфрақұрылымға зақым келді. Осы жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көмек көрсету мақсатында бірқатар шара қолға алды.

Олардың ішінде зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, қажетті азық-түлік пен киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстары бар. Сонымен қатар, тұрғындарға баспанамен қамту және оларды жаңадан салынған үйлерге көшіру шаралары да жүзеге асырылып жатыр.
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

05.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025
MalimBlocks