Тапсырманы орындамаған екі әкім сөгіс алды

Ақмола облысында екі әкімге қатаң сөгіс жарияланды

Арман Қайыпхан

  • 23.07.2024

Ақмола облысында екі аудан әкіміне қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

"Жарқайың ауданының әкімдігі белгіленген мерзімде пәтерлер мен үйлер сатып алу, сондай-ақ су тасқынынан келтірілген мүліктік зиян үшін өтемақы төлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды аяқтамады, тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды уақытында қалпына келтіру мен рәсімдеуді қамтамасыз етпеді, соның салдарынан зардап шеккен отбасыларға үй сатып алу мерзімдері өзгерді. Халықпен жүргізілетін алдын алу жұмысының осалдығы тұрғындардың наразылығына әкелді. Облыс әкімінің өкімімен Жанболат Хамитов тәртіптік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды.

"Аудан орталығының көшелерінде егеуқұйрықтар мен антисанитарияның орын алуымен жағдай ушығып кетті. Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың ауданды абаттандыру жөніндегі тікелей тапсырмасына да, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі бірқатар жарияланымдардан кейін де аудан әкімдігі тарапынан тиісті назар аударылмады. Облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Мұқатовқа тәртіптік жаза қолданылды".

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

01.04.2025

Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

Фельдшерге шабуыл жасаған Ақмола тұрғыны сотталды

30.03.2025
MalimBlocks
Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Фельдшерге шабуыл жасаған Ақмола тұрғыны сотталды

Ақмола облысында Степногорск тұрғыны жедел жәрдем фельдшеріне қол көтергені үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды