Түркістан облысында балабақшада балалар жаппай уланып қалды

Қазір ауруханаға түскен балалардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылап отыр.

Берік Дәулетов

  • 26.06.2024

Түркістан облысында балабақшада балалар жаппай уланып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір тамақтан уланған балалардың саны 34-ке жетті. Аталған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға Келес ауданында болды. 24 маусым күні таңғы астан кейін, яғни, сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Содан бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсеткен. Қазір ауруханаға түскен балалардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылап отыр.

Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалардың улану жағдайы Түркістан облысы білім басқармасының назарына алынды. Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды, - делінген Түркістан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Кептірілген балық жеп, аяқ-қолымнан айырылдым - Бота Бурханова

07.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025
MalimBlocks
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Кептірілген балық жеп, аяқ-қолымнан айырылдым - Бота Бурханова

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?