Үкімет Ақтөбеде салынатын ерекше балалар балабақшасын көрсетті

Балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлінеді

Malim Админ

  • 18.11.2024

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғасуда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.


Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді.

Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады. Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Жобаны іске асыру қажетті инфрақұрылымды құруға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен тәрбиелеуді қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданған болатын. Жұмыс жалғасып жатыр.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Қазақстанда 43 градус аптап ыстық болады

13.05.2025

Елімізде кімдердің кредиті кешіріледі?

13.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Қазақстанда 43 градус аптап ыстық болады

Елімізде кімдердің кредиті кешіріледі?

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты