ҰҚК: Кәрім Мәсімов кешірім сұрап, өтініш жасады

ҰҚК мәліметінше, өтініш 2024 жылдың наурыз айында жасалған.

Арман Қайыпхан

  • 18.06.2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің кешірім жасау туралы өтініш білдіргенін растады, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, өтініш 2024 жылдың наурыз айында жасалған. 

Біз К.Мәсімовтің 2024 жылдың наурыз айында кешірім жасау туралы өтініш жасағанын растаймыз, - деп хабарлады ҰҚК.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған Мәсімовке қатысты 218-бап (Ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және/немесе өзге де мүлікті заңдастыру/жылыстату) және 366-бап (Пара алу) бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Қазір ҰҚК-нің экс-басшысы Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында отыр.

24 сәуірде сот Кәрім Мәсімовке үкім шығарды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтегі лауазымға тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылып, 18 жылға сотталды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алды және билікті асыра пайдаланды деген айыптар тағылған еді. 

2023 жылғы 16 маусымда апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың жазаны өтейтін мекеме түріне қатысты үкімін қатаң режимдегі мекемеден қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырды.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы 6 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Тергеу аясында Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдар ұсталды.

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады