«Жаңатасқа қытайлар топырлап кеткен рас па?». Әлеуметтік желіде видео тарады

Сабина Асқарқызы

  • 14.03.2025

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Жамбыл облысының Жаңатас қаласында қытайлардың көбейіп кеткені туралы видео таратты, деп хабарлайды Malim.kz.

Видео авторының айтуынша, қалада жұмыс істеп жүрген шетелдіктердің құжаттары тексерілмеген, олардың заңды жүргені белгісіз.

Бұл адамдардың құжаттары бар ма, жоқ па? Заңды ма, заңсыз ба? Жаңатаста жұмыс істейтін өз азаматтарымыз жоқ па? – дейді видео авторы.

Видеода  ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының арнайы киімін киген азамат бір топ адамды қақпа арқылы қоршаудың ішіне кіргізіп жатқаны көрсетіледі. Ал видеода адамдардың өзара қытай тілінде сөйлескенін анық естуге болады. 

Әзірге Жамбыл облысының әкімдігі бұған қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Айта кетейік, былтыр дәл осы Сарысу ауданында Қытайдың 26 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылған болатын. Олар салынып жатқан зауыттың аумағында еңбек атқарған. 

Негізі Жаңатаста 119 шетелдік салынып жатқан Сода зауытының құрылысына тартылған.

Фото: alash.kz

Байланысты жаналықтар

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025

Ресей мен Қытай Үндістан мен Пәкістанды сабырлыққа шақырды

07.05.2025

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

06.05.2025
MalimBlocks