freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ораза айт намазының уақыты жарияланды

Қоғам
Ораза айт намазының уақыты жарияланды
muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мешіттерде Ораза айт намазын оқу кестесін жариялады. Биыл қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін мерекелік құлшылық 20 наурызда өтеді, деп хабарлайды  Malim.kz.

ҚМДБ мәліметінше, еліміздің бас қаласы Астана мен Шымкентте айт намазы таңғы сағат 07:15-те басталса, Алматы қаласында сағат 07:00-де оқылады. Басқа өңірлердегі намаз уақыттары жергілікті күннің шығу уақытына сәйкес белгіленген.

Мереке күні мешіттерде уағыздар айтылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалады.

Ораза айт — мейірімділік, игілік пен қайырымдылық мерекесі. Мұсылмандар бұл күні оразаның аяқталғанына шүкіршілік етіп, бір-бірінің үйіне қонаққа барады, хал-жағдай сұрасады және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Діни деректерге сүйенсек, Ораза айт мерекесі алғаш рет хижраның екінші жылы, яғни 624 жылы атап өтіле бастаған.

Айта кетсек, «Айт» сөзі жыл сайын қайталанатын мереке, бір-бірін қуанту деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқында «Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар» деген даналық сөз осы мерекенің маңыздылығын көрсетеді. Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу