Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өзбекстанның 17 мың шенеунігі жұмыссыз қалмақ 

Саясат
Өзбекстанның 17 мың шенеунігі жұмыссыз қалмақ 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев министрліктердің штат санын 24 пайызға қысқарту туралы қаулыға қол қойды. Ол мұндай шешімді  бюджетті үнемдеу үшін қабылдаған. 

Министрліктер мен ведомстволардың басшы және өндірістік персоналы қысқартылады, деп мәлімдейді Gazeta.uz. Барлығы – 17 447 адам. Бұл бюджетке 1,5 триллион сум (61 миллиард теңгеден астам) бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр. Автокөліктер мен оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған қаражатты қысқарту есебінен тағы 70 миллиардқа жуық сум (2,7 миллиард теңгеден астам) үнемделеді.

Желтоқсан айында Өзбекстан президенті әкімшілік реформалар енгізуді ұсынған. 16 қаңтарда Шавкат Мирзиеев Ташкент қаласының әкімін, энергетика министрінің орынбасарын және жылу желілерінің басшысын қызметінен алғаны мәлім болды.            

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу