Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысындағы өрт сөндірілді

Экология
Павлодар облысындағы өрт сөндірілді

Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағындағы өрт сөндірілді. Қазір өрттің ауданы анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.


Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің әкімі Әлібек Сапабеков Желтау ауылынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар үйлеріне орала бастағанын жеткізді. Бірақ әзірше елді мекеннен эвакуацияланған 18 адамның нешеуі қайтып оралғаны туралы нақты дерек жоқ. Өртке байланысты штаб жұмыс істеп, тікұшақтар барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмат Шанин ауылында қазіргі сәтте эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Еріктілер мен жергілікті мәслихат депутаттары құтқарушыларға азық-түлік, қажетті заттарын жеткізіп берген.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда далалық аймақтан өрт шығып, бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. 

Фото: ҚР ТЖМ  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу