Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әбдірахымов пен Мәсімовке "алаяқтық" бойынша айып тағылды

Саясат
Әбдірахымов пен Мәсімовке "алаяқтық" бойынша айып тағылды

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы «Kozachkov offside» telegram-арнасы хабарлады.

«Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша тергеліп жатыр.  Жаза – мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10-ға дейін, осы бап бойынша орташа мерзім – сегіз жыл бас бостандығынан айыру. Сондықтан да болар, Бас прокуратура рейдерлік іс жоқ деп жауап берді – ол да алаяқтық бойынша. Ақпаратты полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек (Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі) ресми түрде растады» делінген хабарламада.

Ол мәлімдеменің бастамашысы Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі, құрамына «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС кіретін Alageum Group корпорациясының негізгі иесі Сайдулла Қожабаев екенін түсіндірді. 

«Оның түсініктемесінде Әбдірахымов пен Мәсімовті қосқанда бес адам одан ірі көлемде және заңсыз ақша алғаны айтылған. Біз 2-3 миллион доллар туралы айтып отырмыз (олар тағы он миллион доллар сұраған). Олар не сұрады және не үшін төледі әзірге жұмбақ» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 20 мамырда Козачков Әбдірахымов пен Мәсімовке қарсы рейдерлік факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу