Әкім Сұлтанғазиев жұмсақ креслода отыр, ал оқушыға орындық та жоқ

Алматы облысындағы Жетіген ауылының мектебінде бастауыш сынып оқушылары сабақты тікесінен тік тұрып оқуға мәжбүр

  • 09.02.2023

Ақпарат агенттіктері таратқан хабарға қарағанда, мұндай жағдайға ашулы ата-аналар шу көтерген. Өйткені мектепте оқушы отыратын орындық жетіспейді, ал сынған жиһазды жөндеуді ата-ананың мойнына жүктеген.  

«Жағдайды айтып түсіндіру қиын. Егер қарапайым жағдайдың өзі жасалмаған болса, онда біздің балаларымыз қалай білім алады? Балалар үйге келгенде сабақтың жартысына дейін қалай түрегеп тұрып оқып, жазғандарын айтады. Бала қайтіп сабақты түсінсін, мұндай жағдайда? Ол аз десеңіз, сынған орындықты жөндеуді бізден өтінеді. Бұлай өтініш жасаулары бір түрлі емес пе!» депті ата-аналар.

Іле аудандық білім басқармасындағылар мәселемен танысыпты және оның шешілуін қадағалайтын болыпты.

Айта кетерлігі, Алматы облысындағы орындық тапшылығы бұл ғана емес. Жетісу облысы жаңарып,  Алматы облысының орталығы Қапшағайдың жағалауына көшкен кезде қала әкімдігінің ғимаратына орналасқан облыс әкімдігі  аппаратының қызметкерлері де кезінде отыратын орындық таппай қалған еді. Бірақ, шенеуніктер бұл мәселені тез шешті. Бір казиноның ғимаратын 3 миллиардтан астам теңгеге сатып алды, тағы сондай соммаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көшіп кіріп алды. Қазір облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен оның командасы жайлы да жұмсақ креслода отыр.

Ал түрегеп тұрып сабақ оқитын бастауыш сынып балаларының мәселесі осы оқу жылында шешілмейтіндей. Қыркүйекке дейін реттейміз депті.

Жалпы, Алматы облысында елуден астам үш ауысымдық мектеп бар. Одан бөлек жүзден астам мектеп 1940 жылдары салынған бұрынғы пошта немесе контора сияқты ескі жертөле ғимараттарда білім беріп жатыр.

Есесіне облыс әкімдігінің ғимараты Қонаев қаласындағы ең әдемі ғимараттың бірі болып тұр.  

 

Біздің әлеуметтік желімізге тіркеліп, әр нәрседен мәлім болып жүріңіз:

 FacebookInstagramTelegramYou TubeТik Тok

Байланысты жаналықтар

Қонаевта кортеж жасаған көліктер айып тұрағына қамалды

16.11.2024

Нарынқол мен Кегенде жер сілкінісі сезілді

02.11.2024

Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге іздеу салынды

22.10.2024

Талғардағы оқиғадан соң Алматы облысы ПД басшысы ауысты

19.10.2024

Талғарлық Хасанның әкімдіктегі туысы қызметінен босатылды

15.10.2024

Талғардағы оқиға: бейнежазбаның таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

15.10.2024
MalimBlocks
Қонаевта кортеж жасаған көліктер айып тұрағына қамалды

Олар перзентханадан шығып, осылай тойламақшы болған

Нарынқол мен Кегенде жер сілкінісі сезілді

Дүмпу ошағы Алматы қаласынан 258 шақырым жерде болған

Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге іздеу салынды

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталған

Талғардағы оқиғадан соң Алматы облысы ПД басшысы ауысты

Облысқа жаңа бас полицей СҚО-дан келді

Талғарлық Хасанның әкімдіктегі туысы қызметінен босатылды

Сондай-ақ Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Талғардағы оқиға: бейнежазбаның таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазір бұл іске 10 адам күдікті деп танылған