Ашаршылық нәубеті: 100 отбасының тарихын баяндайтын кітап

Алайда,  қасіретті оқиғалардың тікелей куәгерлері өмірден озған

Malim Админ

  • 31.03.2022

 Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, жиырмасыншы ғасырдағы үш ашаршылықтың салдарынан 13 млн қазақтың көп бөлігі қырылып, 3,2 миллионы ғана аман қалған. Президент Қ.Тоқаев ұлт тарихының ақтаңдақ парақтарын жіті зерттеу керектігін «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтқан болатын. Қазір еліміздің әр аймағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бағытында арнайы комиссиялар кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. 
Күні кеше  «Орталық Қазақстандағы ашаршылық 1931–1933: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» атты кітап жарық көрді. Бұл еңбекті Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары дайындаған. Кітапта бұған дейін жарияға шықпаған архив материалдары мен ақсирақ ашаршылықты бастан өткерген жандардың естеліктері қамтылған.     
 
Жоба жұмысымен тарихшылар мен тіл мамандары жылдан астам уақыт айналысқан. Аталған еңбекті құрастырған  Лариса Харитонованың айтуынша, ғалымдардың көздеген мақсаты – зұлмат кезеңдері жайлы куәгерлердің сұхбаттарын жинастыру болған. Әзірленген материалдар Орталық Қазақстан аймағындағы ұжымдастыру оқиғаларының толық бейнесін түзеді.  
Ауқымды зерттеу аймақтық бөлімде тұңғыш рет жүзеге асып отыр.  
Жоба өкілдерінің еселі  еңбегімен 90-нан аса архивтік құжаттар анықталды. Олардың 80%-тен астамы осы уақытқа дейін  жарыққы шықпаған екен. Бұл ретте филологтар өңірлерді аралап,  тың мәліметтерді іздеумен айналысты. Алайда,  қасіретті оқиғалардың тікелей куәгерлері өмірден озған. Зерттеушілер  олардың ұрпақтарымен сұхбат құрып, нәубет жылдары жөнінде деректер жинастырды. Кітапқа ашаршылық кезеңін  бастан өткерген 100 отбасының тарихы енгізілді. 100 данамен шыққан еңбек  қазақ және орыс тілдерінде.    Басылым ғалымдарға, оқытушыларға және еліміздің тарихына қызығушылық танытушыларға арналған. Тар кезеңнің тақсіретін баяндайтын кітапты еліміздегі  кітапханаларға тапсыру жоспарланып отыр.    

Нұрсана Қанағатқызы,
174 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

Байланысты жаналықтар

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

07.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

11.02.2025
MalimBlocks
Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қарағанды облысының шығысындағы жолдарда көктайғақ болады