Әсия Төлесованың қамау мерзімі ұзартылды

Malim Админ

  • 18.06.2020

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың қамау мерзімі  маусымға дейін ұзартылды. Кеше түнде едел-жедел өткен сот осындай шешім шығарған.

Әсия Төлесованың анасы Жанар Жандосованың vlast порталына берген сұхбатына қарағанда, прокурор іспен танысу үшін қосымша уақыт сұраған. "Онда танысатын түк жоқ, іс небәрі екі том", - дейді Жанар Жандосова.

Сот онлайн өтіп, түнгі ондарда шешім шығарды. Әсия Төлесованы адвокаттар Джохар Өтебеков пен Әлімжан Оралбай қорғады.

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың үстінен Қылмыстық кодекстің "билік өкілін қорлау" және "билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша іс қозғалды. Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғауға оның 6 маусым күні рұқсат етілмеген митинг кезіндегі әрекеті түрткі болған. Ішкі істер министрлігіне тиесілі Polisia.kz сайты Ә.Төлесова заңсыз митинг кезінде полиция қызметкеріне қрсы күш қолданғанын жазады. Бұған дейін әлеуметтік желіде Ә.Төлесованың полицейдің бетінен ұрып, бас киімін жерге қағып түсірген сәті көрінген видео тараған еді.

8 маусым күні Әсия Төлесованы полиция департаментіне куәгер ретінде шақыртқан. Жауап беруге Әсия Төлесованы алып қалып, уақытша қамау абақтысына қамаған. 10 маусым күні өткен тергеу соты Әсия Төлесованы 10 тәулікке қамау жайлы шешім шығарған.

Әсия Төлесова әлеуметтік желідегі парақшасында бұл әрекетін полиция адамдарды жас-кәріге қарамай заңсыз ұстай бастағанда оларға араша түскенімен түсіндірген. Белсенді Бейбарыс Толымбековтің анасы Ляззат Толымбекова бұл видео қиылып алынғанын,  оған дейін Әсия Төлесова қарттарды автозакпен әкетуге қарсы шыққанда, полицейлер оны жерге құлатқанын айтқан.

Әсия Төлесоваға тағылған айыптар бойынша (Қылмыстық кодекстің 378,380-баптары) 3000 айлық есептік көрсеткіш (8,1 миллион теңге) айыппұл не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына міндеттеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі қамауға алынды

17.03.2022

Әсия Төлесова саяси партия құратынын мәлімдеді

18.12.2020

Әсия Төлесова: БҰҰ-ға шағымданамын

30.09.2020

Алты полицей сотқа берген Төлесова бостандыққа шықты

12.08.2020

Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты

12.08.2020

"Мерзкие менты" деген белсенді кінәсін мойындамады

11.08.2020
MalimBlocks
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі қамауға алынды

Бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әсия Төлесова саяси партия құратынын мәлімдеді

Әсия Төлесова: БҰҰ-ға шағымданамын

Алты полицей сотқа берген Төлесова бостандыққа шықты

Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты

"Мерзкие менты" деген белсенді кінәсін мойындамады