Асқар Садықовтың депутаттық креслосына Перуашевтың орынбасары жайғаспақ

«Ақ жол» партиясының бұрынғы мәжілісшісі мандатынан айрылған болатын

Мадина Қайнарова

  • 24.09.2024

Серік Ерубаев «Ақ жол» партиясының партиялық тізімі бойынша Мәжіліске кіреді. Ол - партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары.

Ерубаевтың Парламенттің төменгі палатасында жұмыс тәжірибесі бар. Ол жетінші шақырылымның депутаты болған, экология және табиғатты пайдалану мәселелерімен айналысқан.

Естеріңізге сала кетейік, осы партияның бұрынғы мүшесі Асқар Садықовты мемлекеттік сатып алу бойынша алаяқтыққа қатысы бар және жыныстық бопса жасады деп айыптап, мандатынан айырған болатын.

Ал Садықов осындай мәлімдемелер арқылы Перуашев жұрттың назарын өзінің орынбасарларының бірінің қатысы бар сыбайлас жемқорлық жанжалынан аударып әкетуге тырысып жүр деген пікірде. Бұл жерде ол партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев туралы айтып отыр. Әлеуметтік желіде партия төрағасының орынбасары, кәсіпкер Дмитрий Васильев пен генерал-майор Константин Воронкиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Жұртшылық Дмитрий Васильев Ұлттық гвардияның генералына пара берген деген бейресми ақпаратты талқылап жатты. 

- Азат Перуашев өзінің орынбасарының Ұлттық гвардияның генералына пара бергені туралы ақпаратты жасырып қалғысы келіп, ақпарат ауанын маған бұруға тырысқан сияқты, - деді Садықов. 

Фото: prokadrykz

Байланысты жаналықтар

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025
MalimBlocks
20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады