Ауғанстан әскерилері Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтуде

Malim Админ

  • 29.06.2021

Ауғанстан әскерилері кезекті рет Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі маусымның 28-і күні Ауғанстан армиясы мен халық күштерінің 47 сарбазы шекараны заңсыз кесіп өтпек болғанын мәлімдеді.

«27 маусымда Ауғанстан армиясы мен халық күштерінің 44 сарбазы Шортеп аумағында Өзбекстан мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болды. Бір күн бұрын, 26 маусымда дәл осы аумақтан 3 бірдей Ауғанстан азаматы Өзбекстан аумағына заңсыз өтпек болған. Ұсталған Ауғанстан азаматтары елдеріне қайтарылды», - делінген Өзбекстан СІМ таратқан мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, мәлімдемеде Өзбекстанның Ауғаныстанмен достық қарым-қатынас ұстанымда екендігін және ресми Ташкенттің көршілес елдің ішкі істеріне араласпайтындығы айтылған.

АҚШ аймақтан әскерін шығара бастағалы бері Ауғанстан әскерилерінің Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өту фактілері жиілеген. Маусымның 23-і күні Ауғанстанның 53 қарулы шекарашысының көрші ел аумағына заңсыз өтіп кеткендігі хабарланған. Кейінен олардың арнайы тексерістен кейін елдеріне қайтарылғаны айтылған.

АҚШ Ауғанстан аумағынан әскерін шығаруды 2021 жылдың 11 қыркүйегінде аяқтайды. Қазір елде тұрақты армия мен Талибан арасында текетірес күшейген. Сарапшылар Ауғанстан армиясы өте әлсіз екенін және Талибан қозғалысына өздігінен төтеп бере алмайтынын айтады. Халықаралық ұйымдар осы уақытқа дейін АҚШ әскерімен бірлесіп жұмыс істеген ауған азаматтарының қауіпсіздігіне алаңдайды.

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті