Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы тағайындалды

Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
"Үкімет қаулысымен Ербол Шырақпайүлы Қарашөкеев ауыл шаруашылығы вице-министрі - министрдің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. Ол "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ президент әкімшілігінде, қаржы және ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі қызмет атқарды", - делінген үкімет сайтында.
Үкімет жетекшісі Асқар Мәмин оны ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымына таныстырды.
44 жастағы Қарашөкеев сәуір айында қаржы министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты Маңғыстау мен Қызылордадағы қуаңшылықтан малдың жаппай қырылғаны үшін сынап, оның отставкаға кетуі керектігін мәлімдеген.
Көп ұзамай президент жарлығымен Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.
Оқи отырыңыздар: Тоқаев: Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек
Тоқаев ауыл шаруашылығы министрін қызметінен босатты
Фото: primeminister.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Әкесі азсынады, баласы жеп қояды... Бектаев қайтеді?
"Ауыл" партиясы мен Қазақстан фермерлер қауымдастығы әріптестік меморандумға қол қойған. Одан кейін "Ауыл" партиясы күтпеген жерден Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Енді ортаға киліккен мына дау бұл "достыққа" қалай әсер етеді?
Будут ли казахстанцы платить за врачебные ошибки?
Министерство здравоохранения предлагает смягчить наказания медицинским работникам, допустившим врачебные ошибки. Реальные сроки планируется заменить на ограничение свободы и штрафы. В понедельник, 19 сентября, министр здравоохранения Ажар Гиният представила в мажилисе соответствующий законопроект.