Бандағыш шенеуніктер

Malim Админ

  • 15.10.2020

Журналистер мен блогерлер Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновке әлеуметтік желіде өткір сұрақ қойғаннан кейін елорда әкімі өздерін банға тығып тастағанын айтып шағынды. Сөйтсе, өздеріне ұнамай қалған журналистерді Көлгінов қана емес, басқа шенеуніктер де банға тастап, парақшасынан қуып шығатын көрінеді.

Белгілі блогер Насима Қорғанбекова астана әкімі Алтай Көлгінов өзін банға тыққанына назданып, әлеуметтік желіде пост жазып, бүкіл астананы басқарып отырған әкімнің мұнысы қалай деп сұрақ тастапты. Мені банға жіберетіндей онымен бұрын жүрген қызымын ба, әлде әйелінен жасыратындай соңынан қалмай жүгіріп жүрген қызбын ба дейді Н.Қорғанбекова. "Қала әкімінің аккаунты мен үшін ақпарат көзі. Мені банға тастап, сол ақпарат алу мүмкіндігінен айырып отыр", - дейді блогер.

Қала әкімі ақпарат алу құқығынан айырғандықтан, оны сотқа беремін дегеннен қорқып қалды ма, әйтеуір көп ұзамай Көлгінов мен оның баспасөз қызметі блогерді баннан шығарыпты.

Сөйтсе, Көлгінов қана емес, оның баспасөз хатшысы да тілшілерді банға тығатын болып шықты. Баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева мұны әкімнен үйренді ме, әлде керісінше әкім баспасөз хатшысынан үйренді ме, әйтеуір журналист Гүлбану Әбенова Ақмарал Олжабаева өзін банға тастағанын жазыпты.

Көлгінов пен оның баспасөз хатшысы қаржыгер Андрей Чеботаревті де парақшаларынан қуып шыққан. Ештеңе бүлдірген жоқ сияқты едім, "сыпайы сөйлесем де  екеуі мені бандап тастады" деп жазады қаржыгер. Сондағы Чеботаревтің бар кінәсі – әкімнен Қабанбай батыр даңғылын кеңейтемін деп депутаттар алдында кеуде қағып, бұл жобаға 95 миллиард теңге жұмсамақ екені әшкере болған соң әкімдіктің оған қатысы жоқ деп ат-тонын ала қашқанын жазғаны.

Ал журналист Михаил Козачков дәріханалардан маска жоғалып кеткен уақытта сол уақыттағы денсаулқ сақтау министрі Елжан Біртановты тегтегені үшін Біртанов өзін банға тығып жібергенін жазды. М.Козачковты Рахым Ошақбаев (инвестициялар және даму жөніндегі бұрынғы вице-министр), Саясат Нұрбек (BTSDigital жетекшісі), Тоты Әмірова (азаматтық авиация комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары), жоғарғы соттың ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судьясы Елдос Жұмақсанов та парақшасынан шығарып жіберген.

Журналист, ҚазГЮУ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан шенеуніктердің әлеуметтік желіде журналистерді банға жіберуіне былай деп түсіндірме береді:" Ол ситуация оффлайнда былай көрініс табушы еді: әкім және министрдің қабылдауына жазылып, бірақ дәл қабылдайтын кезде "сіз маған нашар сұрақ қоясыз, сондықтан мен сізді қабылдауыма кіргізбеймін". Егер оффлайнда осындай әрекет жасаған болса, заң алдында жауап беруге тура келеді. Тіпті егов арқылы да жауап бермесе, шара қолданылады. Ал енді әлеуметтік желі арқылы жауап бермегені үшін де белгілі бір шаралар қабылдануы керек сияқты", - дейді ол.

Осы арада премьер-министр Асқар Маминнің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов Telegram-дағы каналында "Алтай Көлгінов астананың ең нашар әкімі ме? Көптеген қала тұрғыны оның кетуін қалайды. Оның іске аспай қалған бастамалары туралы пікір жазып, астананың қазіргі ахуалы туралы сурет жіберіңіздер" деп отқа май құя түсті. Бұл жазба 150 пікір жинап, тұрғындар астана әкімін сынап, біраз тірлігін бетіне салық қылып басып жатты.

 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

24.07.2024

Рада Украинадағы мобилизация мен әскери жағдайды ұзартуды мақұлдады

23.07.2024

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

23.07.2024

Тоқаев еңбек демалысына шықты

23.07.2024

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

23.07.2024

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

22.07.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды

Рада Украинадағы мобилизация мен әскери жағдайды ұзартуды мақұлдады

Соғыс жағдайын жалғастыру үшін 339 дауыс берілді

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

Мәсімовтің өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды

Тоқаев еңбек демалысына шықты

Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 тамызда еңбек демалысына шығып, бір апта демалды. 

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

Оның мұндай қадамға баруына президент Джо Байденнің додаға қатысудан бас тартуы себеп болған. Бұл туралы NBC News хабарлады.