Бақауов бостандыққа қалай шықты?

Malim Админ

  • 27.05.2020

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат БАҚАУОВҚА сот үкімі шықты. Экс-әкім 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ Бақауов, сот үкімі бойынша,  100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.

"Сот Бақауов Болат Жұмабекұлын Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлімі 3-тармағы (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша айыпты деп танып, оның бас бостандығын 3 жыл 6 айға шектеу, бүкіл жаза мерзімінде пробациялық бақылауда болып, мемлекеттік қызметті  атқару құқығынанөмір бойына айыру жазасына кесті", - деді үкімді оқыған Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.

Бақауов сот үкімі бойынша 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Сонымен қатар экс-әкім "Ерен еңбегі үшін" медалі мен "Құрмет" орденінен айырылады.

Бүгін түске дейін онлайн өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Елена Белова экс-әкімнің бас бостандығын шектеуді сұраған.

Бақауов сотқа WhatsApp қосымшасы арқылы қатысты.

Мемлекеттік айыптаушы сотта бұрынғы әкім кінәсін толық мойындап, прокурормен процессуалды келісімге келгенін мәлімдеді. Мемлекеттік айыптаушы Бақауовты 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартуды сұраған.

16 қаңтар күні ұсталған Болат Бақауовқа қызмет бабын теріс пайдаланды деген айып тағылған. Бұл айып бойынша дүние-мүлікті тұтқындап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Болат Бақауов өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Сотта Болат Бақауов 165 миллион теңге көлемінде тигізген залалын төлегені белгілі болды.

Фото: pavon.kz

 

Байланысты жаналықтар

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

20.05.2025

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

Баянауылдағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

20.04.2025

Нығматулиннің Павлодар облысындағы мүлкінің бір бөлігі қауіпсіз - әкімдік кепілдік берген

17.04.2025

Павлодар облысында мұғалім жетім балаға арналған пәтерде заңсыз тұрып келген

05.04.2025

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды

04.04.2025
MalimBlocks
Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

Баянауылдағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Нығматулиннің Павлодар облысындағы мүлкінің бір бөлігі қауіпсіз - әкімдік кепілдік берген

Ерлан Нығматуллиннің (Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллиннің егізі - еск.) Павлодар облысындағы активтері қауіпсіздікпен қамтамасыз етілген – оған әкімдік кепілдік береді

Павлодар облысында мұғалім жетім балаға арналған пәтерде заңсыз тұрып келген

Павлодар облыстық прокуратурасы Железин ауданында мемлекеттік тұрғын үйді бөлу кезінде заңбұзушылықтар болғанын анықтады

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды