freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның бірқатар өңірінде шілдеде құрғақшылық болады

Экология
Қазақстанның бірқатар өңірінде шілдеде құрғақшылық болады
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы шілде айына арналған алдын ала құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz

Синоптиктердің болжамынша, шілде айында мына өңірлерде орташа құрғақшылық күтіледі:

Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандарында;

Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында, сондай-ақ Шемонаиха және Өскемен қалаларының маңында;

Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандарында және Жаңа Семей ауданында;

Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;

Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;

Жамбыл облысының Қордай, Т. Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;

Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;

Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Мныа өңірлерде орташа ылғалды жағдайлар болжанып отыр:

Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;

Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу