freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Баж салығы – 80%: АҚШ азаматтығын алу қымбаттай түсті

Әлем
Баж салығы – 80%: АҚШ азаматтығын алу қымбаттай түсті
Фото: ашық дереккөз

Трамп әкімшілігі АҚШ азаматтығын алу рәсіміне қатысты мемлекеттік баж салығын 80 пайызға дейін көтеруді ұсынған. Бұл туралы Федералдық реестрде жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі уақытта азаматтық алу үдерісінің бір бөлігі саналатын натурализацияға өтініш беру құны құжаттарды қағаз түрінде тапсырғанда 760 долларды, ал онлайн тапсырғанда 710 долларды құрайды.

Трамп әкімшілігі бұл сомаларды тиісінше 1330 долларға (75 пайызға өсім) және 1280 долларға (80 пайызға өсім) дейін көтеруді ұсынып отыр.

Сонымен қатар, қабылданбаған өтініштерді қайта қарау қызметінің құны да 80 пайызға қымбаттамақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу