Бас прокуратура минингіге шыққандар жазаланатынын ескертті

9 сәуірде  «рұқсат етілмеген митинг» өтетіні жайлы хабар тараған

Malim Админ

  • 08.04.2023

9 сәуір күнгі митинг қарсаңында бас прокуратура азаматтарды «заңсыз акцияларға» қатыспауға шақырды. Ведомство «бейбіт жиын» туралы заңды бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Azattyq.org жазды.  

Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желіде 9 сәуірде  «рұқсат етілмеген митинг» өтетіні жайлы хабар тараған. Бас прокуратураның айтуынша, заң бойынша мұндай шараларды «арнайы бөлінген орындарда және жергілікті атқару органдарының рұқсатымен» өтуге тиіс.

«Көрсетілген нормалар сақталмаған жағдайда кез келген жария шақырулар заңсыз деп танылады» деген ведомство заңды бұзғандарға әкімшілік және қылмыстық кодексте жаза қарастырылғанын ескерткен.

Бұған дейін Қазақстанның түрлі өңірінде белсенділер жергілікті билік сайлау нәтижесіне қарсы митинг өткізуге рұқсат бермегенін айтқан. Кейбірі конституциялық құқықтарын пайдаланып, пікірлерін айтатынын хабарлаған. Бұған қоса, "Халық парламенті" өкілдері де Алматыда алаңға жиналатынын айтқан. Олар парламент сайлауын қайта өткізуді талап ететінін мәлімдеген.

19 наурызда өткен мәжіліс және мәслихат сайлауында, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, мәжілістегі орындардың басым бөлігін билік партиясы иеленген. Парламентке билікті сынамайтын тағы бес партия өтті. Тәуелсіз бақылаушылар мен өзін-өзін ұсынған бірқатар кандидаттар сайлау әділетсіз өткенін айтып, көп заңсыздық болғанын хабарлаған. Мәжіліске өте алмаған кейбір кандидаттар сайлау нәтижесі бұрмаланғанын айтып, сайлауды қайта өткізуді талап етті. Билік сайлау нәтижесіне әсер ететіндей ірі заңсыздық болмағанын айтқан.

Қазақстанда 2020 жылы «Бейбіт жиын туралы» жаңа заң қабылданғанымен, құқық қорғаушылар азаматтардың бейбіт жиын өткізу және жиналу құқығы әлі шектеліп отырғанын сынайды. Халықаралық және құқық қорғаушылар ресми Астананы азаматтардың бейбіт жиналу құқығын сақтауға шақырып келеді.

Байланысты жаналықтар

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?

02.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025
MalimBlocks
LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр