Бергейдің блогер баласы – Ұлыбританияның азаматы

Malim Админ

  • 17.07.2020

Жақында Жоғарғы сот жемқорлық айыбымен сырттай сотталған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің отбасы мен оның жақындарынан тәркіленген дүние-мүліктің бір бөлігін қайтарғаны белгілі. Біз Ұлыбританияда тұрып жатқан Бергей Рысқалиевтің отбасының өмірін ашық дерек көздер арқылы зерттеп көрдік. 

Б.Рысқалиев Атырау облысын басқарып тұрған шақта жарық көрген мақалалардың бірінде Бергей Сәулебайұлы Лондонда 8 жылдан бері тұратын отбасына жылына төрт рет барып тұратыны, әр барған сайын аудан әкімдері оның "жолына" ақша жинап беретіні жазылған. 

Ал Рысқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, 2014 жылғы мақалада Швейцария банктерінде Рысқали Гүлсім (әйелі), Рысқали Аманжан (ағасы), Рысқали Әлібек (жиен інісі), Сергей Рысқалиев (бауыры) пен Рысқали Асланның (ұлы) атындағы есепшоттарда 100 миллион доллар жатқаны жазылған. 2008 жылы "Республика" газетінің сайтында жарық көрген мақалада Атырау облысы әкімінің үлкен ұлы Ұлыбританиядағы Кэмбридж университетінде, қызыГермания не Ұлыбританияда оқитыны жазылған. 

Ras Aitamyn Telegram каналы ашық мәліметтер арқылы Бергей Рысқалиевтің ұлы Аслан Рысқали туралы бірқатар қызық дерек тапты. 31 жастағы Аслан Рысқалидің Linkedin-дегі мәліметіне қарағанда, ол 2013-2020 жылдар аралығында аса беделді Кэмридж университетінде оқыған. 

Осы күнге дейін Аслан Рысқалидің атында Ұлыбританияда бірнеше компания тіркелген. А.Рысқалидің  жылжымайтын мүлік құрылысымен айналысатын Nordworks limited  компаниясы және  Mobler Ltd компаниясы болған. Бірақ екі компанияда да 2014-2015 жылдары жабылып қалған. Құжаттарда Рысқали Ұлыбритания азаматы деп көрсетілген.

Ал 2020 жылдың 8 сәуірінде Аслан Рысқали Aquila Meloria Ltd компаниясын құрып, оның директоры атанды. Aquila Meloria Ltd Кент графтігіндегі Тонбридж қаласында орналасқан. Компанияның 51 пайыз акциясы Аслан Рысқалидің өзіне, қалған 49 пайызы қарындасы Әсел Рысқалиге тиесілі.

 Аслан Рысқали осыдан бірнеше жыл бұрын Youtube және Instagram-да аса белсенді болып, Батыс әлемжелісіндегі танымал блогер, сүйіктісі Эсте Лалондпен (Estee Lalond) бірге саяхаттаған жерлері, ішкен-жеген тамағы, тіпті сатып алған киімдері туралы влогтар жариялап жүрген. Эсте Лалонд бірнеше сұхбаты мен видеода Youtube-тен Аслан Рысқалидің бастамасымен канал ашқанын қадап айтқан.

Лондондық А.Рысқали мен Канаданың Торонто қаласында тұратын Эстидің махаббаты әуелі онлайн басталып, он айдан кейін А.Рысқали сүйіктісін көру үшін Торонтоға ұшып барған. Аслан Рысқалиге "бір көргеннен ғашық болғанын" айтып ағынан жарылған қыз көп ұзамай Лондонға көшіп барған. Мұны екі жас өздерінің видеосында айтқан, осы жайт Лалонд жайлы мақалада  да жазылған.

 Лондонға көшіп келген бойжеткен Аслан Рысқалимен бірге алыс-жақын елдерді аралап, влог түсіріп,  Батыс аудиториясына күннен-күнге танымал бола бастайды. Ағылшынтілді форумдарда Лалонд Youtube-тегі жетістігі үшін Аслан Рысқалиге қарыздар екені, Рысқалидің арқасында ел көріп, тамаша өмір сүргенін жазғандар көп.

Сүйіктісінің ізінше А.Рысқали де көп ұзамай Youtube пен Instagram-нан өз арнасын ашады. Рысқалидің Youtube-тегі Li0nsmane каналына 96 мың адам, ал Instagram-дағы парақшасына 78 мың адам жазылған. Екі жастың каналындарындағы влогтардан олардың көп саяхаттап, әлемнің ең айшықты жерлеріне барғанын байқауға болады. Мысалы, танымал адамдар некесін қиятын, Анджели Джоли мен Бред Питт бал айын өткізген Санторини аралында демалған

Қызығы, Эсте Лалонд та, Аслан Рысқали осы материал шығардан  бірнеше күн бұрын Youtube-тегі каналдарынан бірге саяхаттаған видеоларын түгел жойған. 

А.Рысқали екі жылдан бері Youtube арнасындағы блогына видео жариялауды қойған. Тура осы кезде А.Рысқали мен Э.Лалонд өздерінің айырылысқандарын жария еткен. Бір жылдан бері жас әнші Эмили Дентон А.Рысқалидің есімін өз парақшасында жиі атап жүр. Сол-ақ екен, ағылшынтілді форумдарда А.Рысқали танымал болғысы келетін бикештерге  аямай ақша құяды деген пікірлер жазылды. Бізді Аслан Рысқалидің кіммен жүретінінен гөрі шетелдерге сапары мен қымбат қонақ үйлерге ақшаны қайдан алатыны, оған әкесі әкеткен ақшаның қатысы бар-жоғы көбірек қызықтырады. Бір анығы, Рысқалиевтің ұлы Лондонда ақшаға мұқтаж болып, таршылық көріп жүрген жоқ. 

Ras Aitamyn Telegram-каналы.  

 

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Ханзада Гарри әкесіне татуласуды ұсынды

04.05.2025

Үш айда қылмыстық істер саны артқан — Жоғарғы сот

28.04.2025

Сакураның фонында. Бергей Рысқалиевтің видеосы тарады

28.04.2025

Ғалым Германияны 2027 жылы соғысқа дайындалуға шақырды

21.04.2025
MalimBlocks
Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Ханзада Гарри әкесіне татуласуды ұсынды

Үш айда қылмыстық істер саны артқан — Жоғарғы сот

Сакураның фонында. Бергей Рысқалиевтің видеосы тарады

Ғалым Германияны 2027 жылы соғысқа дайындалуға шақырды

Бұл туралы ұлыбританиялық Корольдік біріккен қорғаныс зерттеулері институтының аға ғылыми қызметкері Эд Арнольд айтты