Білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту басты назарда

Malim Админ

  • 29.07.2023

Қазақстан білім саласында ынтымақтастық көкжиегін кеңейтіп келеді. Жақында еліміздің Мароккодағы елшісі Сәулекүл Сайлауқызы сол елдің  министрі А.Мирауимен кездесіп,  ғылым-білім аясындағы уағдаластықты одан әрі дамыту үшін   ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды.

Тараптар  екіжақты қарым-қатынастарды  өрістету мақсатында ЖОО арасында тиімді байланыс  орнату, студенттер және оқытушылардың тәжірибе алмасуына қызығушылық  білдірді.

Елімізде ерекше, жасанды интеллект бойынша жұмыс істейтін мектептер   көбейіп келеді. Сондай орталықтың бірі  Қорқыт ата атын иеленген Қызылорда университетінің базасында ышылмақ. Отандық жетекші оқу орыны  Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті бірлесіп ауқымды келісімге келді. Яғни алдағы жеті жыл ішінде жасанды интеллект мектебі шәкірт қабылдайды. Аталмыш мектеп үш бағытта жұмыс істемек.    

 Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімованың айтуынша,  Кореямен келісім жасаудағы басты мақсат –елдер арасындағы байланысты нығайтып,  үлкен  жобаларды жүзеге асыруға арналады. «Осы ретте  делегация  Қорқыт ата университетінде  IT орталығын ашу жөнінде ұсыныс жасаған. Ұсыныс қолдауға ие болып,  білім ошағында  жасанды интеллект мектебін ашуға келісім жүргізілді. Жобаға Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сеул Ұлттық ғылым және технология университеті қаржылық жағынан қолдайды».    

Айта кетейік, әр жыл сайын  Сеул университетінен екі  профессор сабақ беру үшін және екі студент бағдарламалармен қамту мақсатында оқуға жіберіледі. Осы мамандықтарға арналған заманауи зертханалар құрылады.  Кешенді лоборатория  Кореяда өндірілген серверлер, тың технологиялы жабдықтар және жүйелік бағдарламалармен қамтылмақ. Сонымен қатар, болашақта  Қызылордадағы университеттің ішінде Сеул университетінің бөлімшесін ашу  жоспарланған.   

Оңтүстік  Корея елінде  IT саласы қарыштап дамыған. Мемлекет жаңа заманауи технологияларды жасау бойынша әлемде көш бастап тұр. Жоба жүзеге аса  жасанды интеллект,  киберқауіпсіздік,  компьютерлік ғылымдар бағыты бойынша түрлі бағдарламалар  ашылмақ. Сонымен қатар, бизнес-инкубатор кешенді орталығы  іске қосылады деп күтілуде.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады