Экс-әкім Бақауов қай президенттен кешірім сұрайды?

Malim Админ

  • 26.05.2020

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат БАҚАУОВТЫҢ ісі сотқа жетті. Алғашқы сот отырысы 27 мамыр күні Павлодар қаласының №2 сотында өтеді.

Шенеунікке қызмет бабын теріс пиғылда пайдаланып, соңы қылмыстық әрекетке ұласты деген айып тағып отыр.

Болат ЖҰМАБЕКҰЛЫ 15 қаңтар күні АҚК қызметкерлеріне ұсталды. 17 қаңтарда Бақауов "өзіне сеніп тапсырылған қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен екі айға қамауға алынды.  21 қаңтарда  қызметінен түсті. Бір айдан кейін, 19 ақпанда, бұрынғы әкім үй қамауына алынды. Бұлтартпау шарасын өзгерту себептерінің бірі  бұрынғы шенеуніктің денсаулығы сыр беріпті.

Күдікті Павлодар облысын 2016-2020 жылдары басқарды. Оған дейін Ақсу, Павлодар қалаларын басқарды. Жалпы, Қазақстанда шенеуніктер сотында жазылмаған бір заң бар. Істі болған әкім, министр президенттен кешірім сұрайды. Мәселен осы Павлодар облысын басқарған Ерлан АРЫН да президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН кешірім сұрған еді. Бұрынғы экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВ, үкіметті басқарған Серік АХМЕТОВ мырза да бұл «дәстүрден» айныған жоқ. Сот залында мемлекет басшысынан кешірім тіледі.

Қызық, бұл жолы Болат Бақауов қай президенттен кешірім сұрар екен?

Фото: pavon.kz

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

21.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды