Елімізде әлеуметтік салаға 14,5 триллион теңге бөлінген

Мемлекет басшысына әлеуметтік саланы қаржыландырудың жаңа әдістері таныстырылды.

Берік Дәулетов

  • 01.08.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованы қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысына әлеуметтік саланы қаржыландырудың жаңа әдістері таныстырылды. Тамара Дүйсенова әлеуметтік салаға 14,5 триллион теңге бөлінгенін айтты. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды.

Президентке Отбасының цифрлық картасы арқылы көрсетілетін қызметтер азаматтардың әлеуметтік санатына қарай дербес ұсынылатыны туралы баяндалды.

Премьер-министрдің орынбасары бүгінде әлеуметтік саланы цифрландырудың деңгейі қызмет алушыларды және оларға көрсетілген қызмет көлемін анықтап қана қоймай, мемлекеттік қолдау шараларының құрылымына түзету енгізуге мүмкіндік беретінін айтты. Ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасыларға арналған ұтымды әрі тиімді көмек шаралары әзірленеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа білім беру, медициналық көмек сапасын арттыру және әлеуметтік нысандар құрылысы мен ауыл тұрғындарын қолдау бойынша Үкімет тарапынан қолға алынған жобалар жайында мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы қабылданған шаралардың маңызын атап өтіп, аталған ұсыныстарды қолдады. Сондай-ақ бұған дейін басталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті