Елорда ауқымдағы түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жою – тұрақты комиссияның бақылауында

Malim Админ

  • 11.04.2022

Елорданың Төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылғалы біршама шаралар қабылданды.

Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №535/73-VI «Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, елорда аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы мәселе. Негізгі мәселе Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сәбит Битаев  өз сөзінде, ол су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында айтты. «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасын» іске асыру мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыратынын айтқан болатын.

Елорданың қауіпсіздік мәселелерінің бірі – қар ұстайтын қалқандарды орнату бойынша жұмыстарды жүргізу және қаланың қар басатын учаскелеріне жасыл екпелерді отырғызу болып табылады, бүгінгі күні бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр. Өйткені 40,6 км қар басатын учаскелердің тек 2,5 км ғана орнатылған. «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау» объектісін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары» уәкілетті органдармен келісілді және Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен бекітілді. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу іс-шараларының кешені орындалды.

2021 жылғы су тасқыны кезеңіне 663 адам жеке құрамымен және 185 бірлік техникамен азаматтық қорғау органдарының тобы, сондай-ақ 190 адам және 138 бірлік техникамен, 22 бірлік өрт сөндіру сорғы станциясымен қаланың коммуналдық қызметі тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін «Астана Тазалық» ЖШС-нің базасында 12,6 тонна инертті материалдар, 3,5 мың қаптар қоры дайындалған. Авариялық-құтқару жұмыстары негізінен қаланың тұрғын үй алаптары мен көшелеріндегі еріген қар суларын соруға бағытталды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаладағы өрттің 50%-ға (268-ден 402-ге дейін) өсуі тіркелген, соның нәтижесінде 7 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған.

Жатақхана және кәсіпкерлік қызмет ретінде қайта жабдықталған, нысаналы мақсаты тұрғын үйді пайдалану болып табылатын 1360 объектінің өртке қарсы жай-күйі мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Жаппай бақылаудан бас тарту және оны жүргізудің жаңа қағидаттарына көшу, шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы ахуал жасау жағдайында негізгі потенциал үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары депутаттарға тексеру нәтижелері бойынша депутаттардың 20 тапсырмасының 8-і бүгінгі күні орындалғанын, 12-сі әзірлену үстінде екенін, өйткені айтарлықтай қаржы салымдарын қажет ететіндігін хабарлады.

Өрт сөндіру бөлімдерін тексеру барысында ТЖ департаментінің өкілдері депутаттарға 23-ші және 16-шы өрт сөндіру бөлімдерін көрсетті, олар әлі күнге дейін орталық сумен жабдықталмаған, кәрізге қосылмаған, кіреберіс жолдары жоқ, сондай-ақ 10-шы өрт сөндіру бөлімінің ескі авариялық ғимаратын бұзу және жаңа ғимарат салу мәселесі шешілмеген.

Орталықтандырылған жылытумен және газбен жабдықталмаған тұрғын үй қорының едәуір ауданы, пешпен жылытылатын және ескірген электр сымдары бар бейімделмеген бөлмелерде тұратын азаматтардың көп болуы, пешпен жылытуды орнатуда бірыңғай стандарттардың және оның пайдаланылуын тиісті бақылаудың болмауы сөзсіз қауіп болып табылады.

Депутат Серік Түсіпов баяндамашыдан Заречный және Кирпичный тұрғын алаптарында орналасқан өрт сөндіру бөлімдері туралы сұрады. Депутат Нұрдәулет Оразханов түрлі ғимараттарда орналасқан 2 272 жекеменшік балабақшаға қатысты сұрақ қойды. Осы ғимараттардың өртке қарсы жағдайы қандай, барлық ғимараттарда ТЖ болған жағдайда авариялық шығу жолдары бар ма? Депутат бұл мәселені қатаң бақылауда ұстау керек деген пікір білдірді. Ол азаматтардың өтініші бойынша осы нысандарды тексеруді ұйымдастыруға бола ма деген сұрақ қойды. Сәбит Битаев шағын бизнес субъектілерін тексеруге енгізілген мораторийге сәйкес бұл нысандар тексерілмейді деп жауап берді. Азаматтардан тексеру қажеттілігі туралы өтініштер түскен жағдайда, ТЖД қызметкерлері материалдарды министрлікке жолдайды және тек министрліктің рұқсатымен ғана тексеру жүргізе алады.

Тұрақты комиссия отырысының төрағасы Назгүл Мақжанова су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша сұрақ қойды. Екінші сұрақ төтенше жағдай кезінде уақтылы көмек көрсету қиын болатын, қаладан алыс орналасқан Үркер тұрғын үй массивіне қатысты болды. Осыған байланысты әртүрлі инстанцияларға бірнеше рет өрт сөндіру депосын салу туралы өтінішпен хаттар жіберілген. Депутаттар нақты жауап алған жоқ.

ТЖ Департаменті бастығының орынбасары су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жергілікті атқарушы органмен бірлесіп жұмыс істейтіндерін, Департамент үйлестіруші рөл атқаратынын айтты. Елордада су тасқынына қарсы кезең қанағаттанарлық деңгейде өтті, өйткені алдын ала үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Үйлерді су басу болған жоқ.

3-ші өрт сөндіру депосына қатысты қазір жұмыс жүріп жатыр, Үркер тұрғын алабында ағымдағы жылы өрт сөндіру депосының құрылысын бастау жоспарлануда, қаражат бөлінген және конкурстық рәсімдер басталды. Мердігер анықталған кезде Департамент жазбаша түрде ақпарат беруге дайын.

Депутат Бақдаулет Жанділдаев жеке меншік сектор тұрғындарының жекеменшік жанармай құюшылардан сатып алынатын газ баллондарын пайдалану мәселесін қозғады. Бұл процесс еш бақыланбайды. Бензин бағасының өсуіне байланысты автокөлік иелері автокөліктерге жанармай құю үшін газды пайдаланады. Ережеге сәйкес, мұндай көліктердің көп қабатты кешендердің жанындағы автотұрақтарға кіруіне тыйым салынады, бірақ бұл мәселені ешкім бақыламайды.

Сәбит Битаев бұл бағытта құрамына ТЖД, ПД, салық инспекциясының өкілдері кіретін қалалық комиссия жұмыс істейтінін, 199 объектіге тексеру жүргізілгенін, 10 материал салық инспекциясына 10 есе мөлшерде салық талап ету үшін жіберілгенін айтты. Барлық мәселелер алқалы түрде шешіледі. Тұрақты комиссия отырысының төрағасы Назгүл Мақжанова жеке автокөліктерге газ құюмен айналысатын жеке ұйымдарға тексеру жүргізуді ұсынды.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті BI Service компаниясымен бірлесіп кезекті рет «Қауіпсіз үй» акциясын ұйымдастырды. Аталған акцияның басты мақсаты – қала тұрғындары арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау. Балалардың терезеден құлауы, судағы қауіпсіздік,өрт қауіпсіздігі мәселесін түсіндіріп айттық. Сонымен қатар, бүгінгі акция барысында тұрғындар, кішкентай бүлдіршіндер Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы.

Викториналар, қозғалмалы байқаулар, кәдесый және үйретуші көрнекі-бейнелеу өнімдерін тарату - бұл ТЖД қызметкерлері дайындаған іс-шаралар тізімінің аздаған бөлігі ғана. Құтқарушылар балаларға жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер қалдырып, рухани мереке сыйлады.

«Бүгін өрт сөндірушілер мен BI Group компаниясы бірлесіп, ауламызда іс-шара өткізіп жатыр. Үлкен рахметімді айтқым келеді. Өйткені, балалар өрт сөндірушілердің жұмысын көріп, жарысқа қатысып, жақсы әсер алды», - дейді қала тұрғыны Құралай Қорғанбек.

Айта кетейік, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 402 өрт тіркеліп, 7 адам (оның ішінде 2 бала) қаза тапты. Бұдан бөлек 8 адам жарақат алды, оның ішінде 1 бала бар. Өрт пайда болатын негізгі орындар - тұрғын үй секторлары.
Өрттің негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, электр сымдарын пайдалану ережелерін бұзу.

Бүгінгі өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты- тұрғындарға өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін жеткізу. Көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өрттің пайда болуына жол бермес үшін бірқатар тыйымдарды сақтауы керек:

- көп пәтерлі ғимараттардың жертөлелерінде, сондай-ақ олардың шатырларында және төменгі қабаттарында әртүрлі жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехниканы, жанғыш газы бар баллондарды және т. б. сақтауға және пайдалануға;
- аталған үй-жайларды шеберханаларды, қоймаларды немесе өндірістік учаскелерді ұйымдастыру үшін пайдалануға;
- қабаттарда эвакуациялық шығу есіктерін қайта жөндеу жүргізуге;
- өрт крандары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарына кіреберістерде, секциялар арасындағы өткелдерде, эвакуациялық шығу есіктерінің жанында жиһаз және басқа да көлемді заттарды орналастыруға, пәтерлердің лоджиялары мен балкондарында люктерді қайнатуға;
- киімдерді немесе бензин мен басқа да жанғыш сұйықтықтарды қолданып жуу немесе оларды тазалау үшін пайдалануға, қатып қалған коммуникацияларды жылыту үшін ашық отты пайдалануға;
- түтінденбейтін баспалдақ торларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін балкондар мен галереяларды шынылауға;
- зақымдалған розеткалар мен электр ажыратқыштарды қолдануға;
- электр желісіне қосылған тұрмыстық электр жылыту құралдарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

 

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.