Елжан Біртановқа шашын алдыруға рұқсат бермеді

Malim Админ

  • 27.02.2021

Үйқамақта отырған экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа шаштаразға баруға рұқсат бермеді. Бұл туралы orda.kz сайтына оның адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады.

Дмитрий Куряченконың айтуынша, Елжан Біртанов екі айдан бері шашын алдыруға рұқсат ала алмай отыр.

Адвокат тергеу орындарынан Е.Біртановтың шаштаразға баруына немесе шаштаразды үйіне шақыруына рұқсат сұраған.

" Өтінішімді толықтай орындаудан бас тартқан тергеу департаменті жетекшісінің қолы қойылған тергеуші Р.Әшеновтің қаулысын алдым. Сот үйқамақты белгілегендіктен, Біртановқа тұрғын үйден шығуға және үйінде біреулерді қабылдауға тыйым салған. Енді Біртановтың шашын өзім немесе тергеушілерден алып беруді сұрау ғана қалғандай", - дейді Дмитрий Куряченко orda.kz-ке берген сұхбатында.

25 маусым күні Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Елжан Біртановты қызметінен босатып, орнына Алексей ЦОЙДЫ тағайындаған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күнгі мәлімдемесінде коронавирустың өршуін денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерімен байланыстырып, сол қателіктерді тексеруге комиссия құруды тапсырған болатын.

2 тамызда  Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен  ұсталғаны хабарланды. Ал 14 тамызда дәрі-дәрмек сатылымына жауап беретін «СК-Фармация» компаниясының экс-басшысы Берік Шәріп қамауға алынған. Ол төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алғанда қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Ал 30 қазанда Елжан Біртанов ұсталды. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. БАҚ шенеунік бюджеттің 526 миллион теңгесін жымқырғаны туралы жазған болатын.

Қаңтар айында Е.Біртановтың үйқамақ мерзімі наурыз айының аяғына дейін ұзартылды.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

08.07.2021

Цойдың орынбасары: Біртановтың ұсталғаны ауыр тиді

04.11.2020

"СК-Фармация" экс-басшысына қандай айып тағылғаны белгілі болды

26.04.2021

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

12.11.2021

Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған

09.06.2020

Цой Біртановтың қайда жұмыс істеп жүргенін айтты

26.04.2021
MalimBlocks
Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

Цойдың орынбасары: Біртановтың ұсталғаны ауыр тиді

"СК-Фармация" экс-басшысына қандай айып тағылғаны белгілі болды

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

Экс-министр бір жылдан астам уақыт үйқамақта отыр.

Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған

Цой Біртановтың қайда жұмыс істеп жүргенін айтты