Індеттегі фестиваль: Сағынтаевтың сөзін құлақтарына қыстырмапты

Malim Админ

  • 01.06.2020

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 1 шілдеге дейін қалада  көпшілік қатысатын іс-шаралар өтпейді десе де, әкімдіктің мәдениет басқармасы "Дәмді Алма-Ата" фестивалін ұйымдастыруға тендер жариялап, өтініштер қабылдап жатыр. Мемлекеттік сатып алулар порталына ілінген хабарламаның техникалық ерекшелік құжатында фестиваль жазда өтеді делінген. Әкімдік бұл қызметті өтпей қалған ашық конкурс нәтижесі бойынша бір көзден сатып алып, іс-шараға бюджеттің 34,5 миллион теңгесін жұмсамақ.

Алматы әкімдігі "Дәмді Алма-Ата" фестивалін ұйымдастыру бойынша байқауға өтініштерді 7 мамырға дейін қабылдады. Алайда ашық конкурс нәтижесі бойынша өтпей қалған тендер енді бір көзден сатып алынады. Хабарламада "Тайный Советник" ЖШС тендерге қатысуға шақырылған қызмет көрсетуші екені жазылған.

Техникалық ерекшелік құжатында "Дәмді Алма-Ата" фестивалі 2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Қазақстандағы және Орта Азиядағы ең ірі отбасылық қалалық гастрономиялық іс-шара. Фестивальге бір күнде 30 мың адам қатысады деп жоспарлануда" делінген. Яғни 30 мың адам қатысатын іс-шарада түрлі тағам түрлері сатылмақ. Мәдениет басқармасы іс-шараға балалар келеді деп жоспарлап отыр. Өйткені құжатта фестиваль өтетін саябақта балалар ойындары мен мастер класстарға арналған аумақ және демалыс аумағы ұйымдастырылады делінген. Фестивальдің өзі Қазақ-Британ Техникалық университетінің жанындағы саябақта өтеді. "Фестивальде күні бойы музыка ойнайды: бас сахнада DJ болады, ал кешке атақты қазақстандық және шетелдік орындаушылар өнер көрсетеді.", - делінген құжатта.

Алматы қаласы мәдениет басқармасының мемлекеттік сатып алулар порталындағы хабарламасының техникалық ерекшелік құжаты

Тендерді ұтып алушыға мынандай талаптар қойылған:  Гастрономиялық фестивальді ұйымдастыруға рұқсат алу,  саябақ аумағына құрал-жабдық жеткізетін автокөліктердің еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету, іс-шараны өткізу және өткізген соң аумақты тазалау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.б. Тендер жеңімпазына қойылатын талаптар тізілген техникалық ерекшелік құжатына мәдениет басқармасының басшысы Эрнар Құрмашев қол қойған.

Бас санитар Айжан Есмағамбетова мамыр айының аяғына дейін вирусты жұқтырғандар саны 4 мыңға жетеді деп болжаған. Ақпарат құралдарының өкілдерімен онлайн баспасөз мәслихатын өткізген Бақытжан Сағынтаев 1 шілдеге дейін қалада көпшілік қатысатын іс-шаралар мен мерекелер өтпейді деп мәлімдеген. Алайда әкімдіктің мәдениет басқарамасы Сағынтаевқа бағынбайтын сияқты.

 

МАҚАЛАНЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ

Фото: Sputnik.kz

Байланысты жаналықтар

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

Жол шұңқырын кілеммен жапқандар әшкереленді

03.11.2023

Президентке үндеу. Алатауды Алматы әкімінен құтқарыңызшы...

05.10.2023

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

16.03.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023
MalimBlocks
Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

Жол шұңқырын кілеммен жапқандар әшкереленді

Асфальт төсеу жұмыстары аяқталған

Президентке үндеу. Алатауды Алматы әкімінен құтқарыңызшы...

Бауыржан Байбек бастаған дауды Ерболат Досаев жалғастырмақ па?  Алматының бір топ эко-белсенділері бүгін, 5 қазанда баспасөз жиынын өткізіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады. Онда олар президенттен Алатауды Алматы әкімдігінен құтқаруды сұрап отыр.  

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

Алматылықтар байкот жариялаған

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды