Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Өнеркәсіп өндірісін өркендету, өңірге инвестиция тарту жайында мәлімет берілді

Malim Админ

  • 05.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берілді және алдағы жоспары таныстырылды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 


Президентке 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,4 пайызды құрағаны баяндалды. Облысқа 188,2 миллиард теңге инвестиция тартылды, соның ішінде жеке инвестицияның мөлшері 136,7 миллиард теңгеге жетті.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, аймақ экономикасының аграрлық салаға негізделгенін ескере отырып, пайдаланылмаған жерлерді қайтару және айналымға енгізу шараларына, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру, қант өндірісін дамыту мәселелеріне баса мән берілген.

Мемлекет басшысына өнеркәсіп өндірісін өркендету, өңірге инвестиция тарту жайында мәлімет берілді. Атап айтқанда, бірқатар перспективті инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олардың қатарында Кербұлақ ауданындағы металлургия комбинаты, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды паркі, Жоңғар қақпасы аумағындағы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы сияқты ірі жобалар бар. Өңірдің көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетін арттыру үшін жүйелі жұмыстар қолға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жай-күйі туралы айтылды. Облыс әкімінің сөзінше, жыл соңына дейін өңірді газбен қамту деңгейі 56,5 пайызға жетеді. 2028 жылға қарай Жетісу облысы көгілдір отынмен толық қамтылады деп күтіліп отыр. Соңғы 2 жылда облыста 86 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынып, жөндеуден өткен.

Президентке тұрғын үй және жол құрылысы, туризмді дамыту жайында ақпарат берілді. Жалпы Жетісудың туристік бағыты Алакөл, Балқаш көлдері, «Алтынемел», «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, Жоңғар Алатауының тау массивтері секілді халық жиі баратын орындардың әлеуетіне иек артады. Экологиялық туризмді дамыту мақсатында Бұрханбұлақ сарқырамасы мен Жасылкөлге апаратын жол салу жоспарланған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрін қабылдады

27.03.2025

Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесін қабылдады

26.03.2025

1-сыныпқа құжат қабылдау басталады: бұл туралы не білу керек?

20.03.2025

Тоқаев премьер-министр Бектеновке бірқатар тапсырма берді

18.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады

Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесін қабылдады

Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады

1-сыныпқа құжат қабылдау басталады: бұл туралы не білу керек?

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Тоқаев премьер-министр Бектеновке бірқатар тапсырма берді

Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады