Мұрат Бектанов қамауға алынды

Айшолпан КЕРІМ

  • 21.02.2022

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты уақытша ұстау изоляторына орналастырған. Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

«2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген хабарламада.

2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда президент жарлығымен Мұрат Бектанов қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Жаңа министр болып ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған Руслан Жақсылықов тағайындалды.

Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектанов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командирлік қасиеттерін көрсете алмағанын айтты.

«Командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар барысында жақсы нәтиже көрсеткен армияға ие бола отырып, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмадық және сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық», - деді Тоқаев

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады